Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жазда қай елдерге баруға болмайды – бас санитарлық дәрігердің кеңесі

  • Жазда қай елдерге баруға болмайды – бас санитарлық дәрігердің кеңесі

    Жазда қай елдерге баруға болмайды – бас санитарлық дәрігердің кеңесі

Жандарбек Бекшин қай мемлекеттерде дертке шалдығу қаупі бар екенін айтты. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин жазғы демалыста қай елдерге бару қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Мен азаматтарға баруға кеңес бермейтін елдің қатарына бірінші Мадагаскарды жатқызар едім. Онда жыл сайын бір мың адам өкпе обасын жұқтырады. Бразилияға да бармаған жөн. Онда дэнге, эбола, сары ауру сынды жұқпалы дерттер бар. Сондай-ақ Конго Демократиялық Республикасы мен Африканың батысындағы елдерге баруға болмайды. Бұл мемлекеттерде ауру жұқтыру қауіпі жоғары", - дейді Жандарбек Бекшин орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.


Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер


Ол Бразилияға баратындарға міндетті түрде сары ауруға қарсы екпе салғызу қажеттігін ескертті.


"Ал енді Бразилияға баратын болсаңыз, сары ауруға қарсы екпе салғызу керек. Сонда бұл елге баруға болады", - деп елдің бас санитары сөзін түйіндеді. 




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.07.2019, 19:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31