Сұрақ-Жауап. Кеңес

ЖАЗУЫҢЫЗҒА ҚАРАП, ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ ТЕКСЕРЕЙІК

  • ЖАЗУЫҢЫЗҒА ҚАРАП, ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ ТЕКСЕРЕЙІК

    ЖАЗУЫҢЫЗҒА ҚАРАП, ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ ТЕКСЕРЕЙІК

Атаулы тестті дәрігерлер мен графологтар бірлесе ойлап тапқан. Олардың айтуынша, адамның ауру-сырқатын оның жазуына қарап білуге болады. Тест арқылы өз денсаулығыңызды тексеріп көріңіз.

Ол үшін А4 форматындағы параққа қарапайым қаламмен не қаламсаппен (бірақ гельді қаламсап, фломастер не маркер қолдануға болмайды) кез-келген 10 қатарлы мәтін жазып шығыңыз. Мәтінді аяқтаған соң, төмендегі кестені қолданып, өз жазуыңызға сараптама жасаңыз.


Жазуыңыздың жалпы сипаты

Сипаттама

Ұпайлар

Ұқыпсыздау

3

Кей жері ұқыпты, кей жері ұқыпсыз

8

Өте ұқыпты

12


Әріптердің басын қосу

Сипаттама

Ұпайлар

Әріптер бір-бірімен жалғаспаған

22

Әріптер бірге жазылған,арасында ашық жер жоқ

18


Қағазға түскен қысым

Сипаттама

Ұпайлар

Қатты, тіпті, қағаздың бетінде із қалған

20

Орташа

14

Әлсіз

7


Қатарлардың бағыты

Сипаттама

Ұпайлар

Төменге бағытталған

0

Түп-түзу

11

Жоғарыға бағытталған

15


Әріптердің пішіні

Сипаттама

Ұпайлар

Шығыңқы

18

Әр түрлі

9

Дөңгелек

8


Әріптердің «майысуы»

Сипаттама

Ұпайлар

Түзу, «майыспаған»

9

Оңға қарай

5

Аздап оңға қарай

13

Аздап солға қарай

4

Солға қарай қатты майысқан

1


Әріптердің биіктігі

Сипаттама

Ұпайлар

7 мм асады

19

5—6 мм

16

3—4 мм

6

3 мм төмен

2


Нәтижесі:

48 ұпайдан төмен. Мұндай жазу үлгісі әдетте қарт адамдарда кездеседі. Сондай-ақ, иммунитеті төмен жас және орта жастағы адамдарда кездеседі.

49–72 ұпай. Жүйке жүйеңізді жіті бақылауға алған жөн. Сіздің іш құрылысыңыз ауруыңыз мүмкін немесе аллергия не семіздікке бейімділігіңіз болуы мүмкін. Сізге көбірек қозғалып, тамақтану тәртібін түзеткеніңіз жөн.

73–95 ұпай. Жүйке жүйеңіз қалпында. Алайда, тыныс алу жолдарыңызды суық пен басқа да қатерден сақтағаныңыз жөн. Оған қоса, эндокринологтың қабылдауынан өтсеңіз де артық болмас еді.

96–105 ұпай. Сіздің басты қиындығыңыз – жоғарғы артериалық қысым. Онымен қоймай, диабет (сусамыр) пен артрит болуы ғажап емес. Мұның бәрі жақындарыңыз бен дәрігерлердің кеңесін құлаққа ілмегеніңіздің салдары болуы мүмкін.

106 ұпайдан жоғары. Сіз өте сабырсыз, агрессияшыл адамсыз. Соның салдарынан сізде асқазан жарасы немесе жүрек ауруы болуы мүмкін. Жүйкеңізді жайына келтіру үшін ішімдік пен тынышталдыратын дәрілердің көмегіне жүгінесіз. Бірақ мәселе бұлай шешілмейді. Сізге өмірге деген көзқарасыңызды өзгерту керек


Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан


reactor.inform.kz




Көрілген: 737    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.03.2019, 14:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31