Жер атмосферасының жоғарғы қабаты сығыла бастады. Қатері қандай?

24 қараша 2022, 15:49

NASA зерттеу орталығының ғалымдары Жер атмосферасының жоғарғы қабаттары көмірқышқыл газының әсерінен төмендей бастағанын анықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі жарияланған Geophysical Research Letters мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Атмосферада көмірқышқыл газының жинақталуы Жер бетіне неғұрлым жақын болса, температура соғұрлым жоғарылайтын болады.

 

Дегенмен, атмосфераның ең сыртқы, яғни, шалғай қабаттарынан бастап - мезосферада және төменгі термосферада (МЛТ, жер бетінен 60 шақырым биіктіктен басталады) көмірқышқыл газы бұл аймақтарды салқындата бастайды, осының әсерінен атмосфера қысылуын тудырады.

 

Таяудағы зерттеуде мамандар атмосфераның жоғарғы қабатының қысқаруының алғашқы белгілерін тіркеді. Ол үшін NASA TIMED спутнигі жинаған ауа қысымы мен температурасы туралы деректер талданды.

 

Соңғы күн циклі әлсіз белсенді болғандықтан, ғалымдар көмірқышқыл газының әсері мен күн белсенділігін ажырата алды.

 

2002 және 2019 жылдар аралығында MLT-ның 1,3 шақырымнан астамға азайғаны белгілі болды.

 

Зерттеушілердің айтуынша, атмосфераның жоғарғы қабатының 340 метрге жуық төмендеуі көмірқышқыл газына байланысты және бұл процесс тұрақты сипат алуы мүмкін.

 

Сонымен қатар, мезосфераның ең шырқау биіктігі мен төменгі термосфера Цельсия бойынша 1,7 градусқа суыған.