Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жерде магниттік дауыл басталды

  • Фото: elements.envato.com

    Фото: elements.envato.com

Жер бетінде кейінгі жылдардағы ең күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының физика институты Күннің рентген астрономиясы зертханасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

 

"Жер бетінде Мәскеу уақытымен таңғы сағат 1-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4:00-де) кейінгі жылдардағы ең күшті магниттік дауылдардың бірі басталды. Кейінгі күндері баяу төмендеген геомагнит белсенділік индексі түн ортасынан кейін бірден 7-деңгейге көтерілді (ең жоғары мән - 9), бұл 5 балдық шкала бойынша үшінші деңгейдегі магниттік дауылға сәйкес келеді", - делінген хабарламада.

 

Ғалымдар болжамы бойынша, Жердегі магнит өрісінің тұрақсыздығы кем дегенде 2-3 күн сақталады, дегенмен қазіргі максимумға қайта жетуі екіталай.

 

Магниттік дауыл Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15-18 сағаттан кешікпей аяқталуы керек.

 

Физиктердің айтуынша, Күн жалынының жылдамдығы секундына 400-ден 800 метрге, ал планетааралық плазманың тығыздығы 100 есеге жуық артқан.

 

"Бұған дейін кейінгі төрт жылда бірдей деңгейде төрт дауыл тіркелген: биыл 12 мамырда, 2019 жылы 14 мамырда, 2018 жылы 26 ​​тамызда және 2017 жылы 28 қыркүйекте. Осы уақыт ішінде басқа маңызды құбылыстар байқалған жоқ", - деді зерттеу орталығы өкілдері.

 

 

 




Көрілген: 403    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.11.2021, 19:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Желтоқсан 2021
    Ұл керек пе, қыз ба?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31