Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жоғалған автокөлік нөмірін үйден шықпай-ақ қалпына келтіруге болады

  • Жоғалған автокөлік нөмірін үйден шықпай-ақ қалпына келтіруге болады

    Жоғалған автокөлік нөмірін үйден шықпай-ақ қалпына келтіруге болады

Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін бір нөмірлік белгіге 1 3 890 теңге, екі мемлекеттік нөмірге 7 778 теңге баж төлеу қажет. Қазақстандықтар eGov.kz сайтында жоғалған немесе ұрланған автокөлік тіркеу нөмірін қалпына келтіре алады, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.

Ол үшін "Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру" қызметін пайдалану керек.

"Біз пайдаланушы мемлекеттік нөмір белгісін жоғалтқан немесе ұрланған жағдайда телнұсқаны (дубликат) "Электронды үкімет" порталы арқылы өтінім беріп, сонда көрсетілген арнайы ХҚКО-дан алатындай етіп процесті барынша жеңілдетуге тырыстық", - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Қызметті онлайн алу үшін eGov.kz порталында тіркеліп, "Көлік және коммуникация" – "Автомобиль көлігі" қосымша бетіне өту қажет.

Қызметтер тізімінен "Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмір белгісінің телнұсқасын беру" дегенді таңдап, "Қызметке онлайн тапсырыс беру"батырмасын басасыз.

Ашылған бетте барлық міндетті алаңды толтырып, қызметті төлеу, ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен қол қою қажет. Сұрау салу сәтті өңделген кезде Мемлекеттік органнан жеке кабинетке өтінімнің орындалғаны туралы хабарлама және шығыс құжаты келеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру қызметі жетілдірілді

Жеке және заңды тұлғалар үшін қызмет қолжетімді. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін бір нөмірлік белгіге 1,4 АЕК (3 890 теңге), екі мемлекеттік нөмірге 2,8 АЕК (7 778 теңге) баж төленеді.

Бірнеше көлік құралы болған жағдайда қызметті бір рет пайдалануға болады.

Басқа автокөлікке нөмірлік белгілердің телнұсқасын алу үшін қызмет иесі – Қазақстан ішкі істер министрлігінің талаптарына сәйкес жаңа сұрату жіберу қажет. 




Көрілген: 511    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 09:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Маусым, 16:36
    ЭЦҚ-ны қашықтан алу
    17 Маусым, 16:45
    Құрттың емдік қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31