Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жолыңды ашу үшін не істеу керек: Дінтанушыдан кеңес

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Белгілі дінтанушы Нұрлан қажы Байжігітұлы жолы болмай, бата сұрайтын жастарға ақыл айтты. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген имам мешітке жолын аштыруға келетіндерге қатысты пікір білдірді.

 

Дінтанушының айтуынша, қазіргі кезде жұмысы жүрмей, тығырыққа тірелген адамдар "жолын аштыруға" мешіттерге, молдаларға көптеп келетін болған.

 

"Балаларымыз "жұмысым болмай жатыр, жолымызды ашып бер деп мешітке, молдаға келіп жатады. Мен оларға әдетте өзім білетін нәрсемді айтамын. Егер ол кісінің әкесі тірі болса, бірінші кезекте әкесіне баруын сұраймын.

"Әке, маған жолыма бата бер десең, әкең әумин дейді. Содан кейін мен де өз бата тілегімді қосамын, осылайша жолды ашуға болады. Әкесі бата бермесе, менің берген батам жүрмейді. Бірақ жолды ашуға әкеңнің де, молданың да батасы артық етпейді. Екеуі бір-бірінсіз жүрмейді", - дейді Нұрлан қажы Байжігітұлы.

 

Дінтанушы сөз соңында осы жағдайға байланысты тәмсілмен бөлісті.

 

"Сөзімнің соңында айтайын. Бір адам Қыдыр атаға (ғ.с.) кездесіпті. Ол Қыдыр атадан бата сұрапты. Қыдыр ата ол кісіден әкесінің бар-жоғын сұрапты. Әлгі адамның әкесі бар болып шығады. Жігіттің әкесін шақырып алып, Қыдыр ата баласына бата бергізіпті, өзі де әумин деп тұрыпты. міне, батаны негізі әке-шеше береді", - дейді имам.

 

Сондай-ақ дінтанушының сөзінше, батаны берудің ережелері бар.

 

"Ата-баба заманынан келе жатқан нәрсе бар. Бата беруші отырып бата берсе, бата алушы тұрып тыңдайды. Ол құрмет болып саналады. Егер бата беруші тұрып бата берсе, бата алушы отырып бата алады", - дейді білімін бөліскен Нұрлан қажы Байжігітұлы.

 




Көрілген: 1998    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.07.2021, 18:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 17:12
    Ұзақ жасау – бақыт па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31