Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Жоспарлы» жеңіліс

11 желтоқсан 2012, 12:08

Баскетболдан «Астана» клубы Қазанда «УНИКС» командасымен кездесуі керек еді. Үйдегі бала-шаға телехикая көріп, сол ойынды көре алмай қалғаным... Татарстан астанасындағы матч қалай аяқталды екен?
Ғабиден Р.,
Алматы қаласы
Халықаралық «ВТБ бірегей лигасы» аясындағы кезекті ойынын Қазанда өт­кізген елорданың «Астанасы» жергі­лікті «УНИКС» клубынан 54:70 есебімен оң­бай ұтылды.
«Астана» клубының бұл ойында же­ңі­ліске ұшырайтындығы алдын ала бел­гілі болған. Біріншіден, Татарстан клубы – «ВТБ бірегей лигасының» азу­лы, ең үздік клубтарының бірі. Екінші­ден, «Ас­та­на» Қазанға команданың белді ой­ыншылары болып саналатын бес-алты баскетбол­шысын апара алма­ды. Джер­ри Джонсон, Антон Понома­рев, Павел Ильин, Рустам Мырзағалиев сынды ой­ыншылар жара­қаттанып қал­са, команда сапына жақын­да ғана алын­ған Брион Раш пен Армон Джон­сон­ның құжаттары әлі реттеліп бол­маған. Команда сапына жаңадан екі ойын үйлестіруші алынған­дықтан, «Ас­та­на» осы матчтың қарса­ңында ғана серб баскетболшысы Лука Дрчамен ара­дағы келісімшартты бұзып, онымен қош ай­тысқан.
Сөйтіп, Қазанға бір ғана ойын үй­лес­тіруші апарған «Астана» азулы «УНИКС» клубына төтеп бере алмады. Максим Воей­ков ойынды ойдағыдай үйлестіре алмағандықтан, бас бапкер Маттео Бо­ни­чиолли амалсыз бұл шепке шабуылшы Бранко Цветковичті де қойған.
Бірақ сасқан кезде қабылданған бұл шешімнен кейін де «Астананың» ойыны мандымады. Сөйтіп, «Астана» ұтылды. Енді келесі ойындарда Брион Раш пен Армон Джонсонның арқасында жеңіске жетуді көздейді. Себебі Джерри Джон­сон қазір АҚШ-та, жарақат алып қалып, ота жасатқан. Қашан келері белгісіз.