Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жүктілікке, босануға байланысты әлеуметтік төлемдер проактивті түрде тағайындалады

  • https://saryarqanews.kz/

    https://saryarqanews.kz/

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы порталында жүктілікке және босануға байланысты табыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді проактивті форматта тағайындауға мүмкіндік беретін жаңа функционалды іске қосты, деп хабарлайды zakon.kz.

 

"Осы жылдың мамыр айынан бастап Электронды еңбек биржасында Қазақстанның жұмыс берушілері үшін жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік демалыстарды Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеу мүмкіндігі берілді. Осының арқасында демалысқа шыққан қызметкерлерге тиісті әлеуметтік төлемді тағайындауды өтініш берушінің қатысуынсыз проактивті форматта жүзеге асыруға болады. Бұл көрсетілетін қызметті алушыларға осы төлемді алуға өтініш беру үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жеке бармауға мүмкіндік береді", делінген министрлік хабарламасында.

 

Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік демалысқа шыққан жұмыскерге төлемді проактивті түрде тағайындау үшін жұмыс беруші жұмыскердің шығу фактісін ЭЕБ порталындағы жеке кабинетте тіркеуі қажет.

 

Деректер Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жіберіледі, одан сұрау салу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға берілетін болады.

 

Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушыға SMS-хабарлама арқылы проактивті форматта әлеуметтік төлем тағайындауға келісімін алу бойынша сұрау түседі, оған үш күн ішінде жауап беру қажет болады.

 

 




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 12:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30