Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жұмысқа қайта шақырылғанда өтемақы қалай төленеді?

08 желтоқсан 2012, 12:41

Мен кезекті еңбек демалысына шыққаннан кейін арада бес күн өткенде жұмысқа қайта шақырды. Осы орайда менің білгім келгені, қызметкер еңбек демалысында жүргенде жұмысқа қайта шақырылса, өтемақы қалай төленеді? Заң бойынша жұмысқа шықпай қоюға құқығым бар ма?
Ермаханбет ЕСМАХАНБЕТОВ,
Ақтөбе облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы мама­нының мәліметінше, Қазақстан Рес­публи­касы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 109-бабына сәйкес, жұмыс берушi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана үзуi мүмкiн. Қызмет­кердiң жұмыс берушiнiң ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртiбiн бұзу болып табылмайды.
Жыл сайынғы ақылы еңбек дема­лы­сынан шақыртып алуға байланысты пайдаланыл­маған бөлiгi еңбек шарты тараптарының келi­сiмi бойынша ағымдағы жыл iшiнде немесе келесi жұмыс жылында кез келген уақытта берiледi не келесi жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалы­сына қосыла­ды. Қызметкердi жыл сайынғы ақылы еңбек де­ма­лы­сынан шақыртып алған кезде демалыс­тың пайдаланылмаған бөлiгiн басқа уа­қыт­та берудiң орнына қызметкер мен жұ­мыс беру­шiнiң арасындағы келiсiм бойынша қызмет­керге жыл сайынғы ақылы еңбек демалы­сының пайда­ланылмаған бөлiгiнiң күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiлуi мүм­кiн. Бұл ретте, егер қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы кезеңіне сақталатын орташа жалақыны то­лық (еңбек демалысы­ның барлық күнде­ріне) алған жағдайда аталған өтемақы төлемi жүргiзiлмейді.
Ал жалақы қызметкерге жұмысқа шыққан күннен бастап  есептелуі тиіс.