Жұмыссыз қалғанда, 6 ай төлемақы алуға болады

Жұмыссыз қалғанда, 6 ай төлемақы алуға болады

Бүгінде жұмыс істейтін қазақстандықтар алатын жалақының 3,5 проценті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылып отырады. Оны жұмыс беруші өз ақшасынан төлейді.

 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру заңнамасына сәйкес, адам жұмысынан айырылып қалса, қордың есебінен әлеуметтік төлемдер жасалады. Sputnik Қазақстан жұмыссыздарға берілетін төлемақыны алу тәртібін ұсынады

 

Әлеуметтік төлем ұзақ төлене ме

 

Заң бойынша жұмыстан босатылған адамдарға міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем тағайындалады. Оның мөлшері сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы екі жылдағы табысына байланысты болады. Бірақ жоғалған кірістің 40 процентінен кем болмауы тиіс.

 

Мысалы, жұмыссыз қалған адамның жалақысы 150 мың теңге, ал сақтандыру қорына аударымдар 10 жыл бойы жасалса, онда оған жұмыссыз адам ретінде ай сайын 66 000 теңгеге дейін әлеуметтік төлем жасалады.

 

Әлеуметтік төлем алу үшін не істеу керек

 

Бүгінде жұмыссыз адам ретінде тіркелу үшін электронды үкімет порталын пайдалануға болады.

 

* eGov.kz порталында авторизация жасау;

* "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;

 * онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық бағанды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет.

 

Бұдан бөлек, жұмыспен қамту орталығына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барып, тіркеуге тұруға мүмкіндік бар.

 

Жұмыстан бас тартуға болмайды

 

Әлеуметтік төлемді тағайындаудың тағы бір шарты бар. Оған сәйкес, халықты жұмыспен қамту орталығы бір күн ішінде адамның тұрғылықты жері бойынша бос жұмыс орындарын ұсынуы мүмкін. Одан бас тартуға болмайды.

 

Ал жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі. Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары хабарласып, қосымша ақпарат сұрауы мүмкін.

 

Осы қызметті онлайн режимде электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы алуға да болады. Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін ұялы телефонға SMS жібереді. Жұмыссыз адам келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беруі қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

 

Қандай құжаттар ұсынылады

 

Қажетті құжаттар:

 

- Жеке куәлік;

- Өтініш;

- Банктегі есеп-шоттың нөмірі.

 

Ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына адамның жұмысқа тұрғаны туралы мәлімет түскен бойда төлем жасау тоқтатылады. Сондай-ақ, бірнеше жағдай ескеріледі.

 

Олар:

 

* төлем алушының қайтыс болуы;

* зейнеткерлікке шығу;

* әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беру;

* жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар тізімінен шығу;

* жалған ақпарат беру.

 

Жұмыссыз ретінде тіркелген адам жалған ақпарат беріп, әлеуметтік төлемді алса, оны қайтаруға тура келеді.

 

Қанша адам төлем алды

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, биыл 1 қыркүйекке дейін 58,8 мың адамға алғаш рет жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалды. Жалпы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 82,6 мың адамға жеткен.

 

Бұдан бөлек, электронды еңбек биржасы арқылы мыңдаған адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына (жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары) тұрғандар аз емес.

 

Айта кетері, былтыр жұмыссыздарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету және жұмыспен қамтуды қолдауды жеңілдету үшін электрондық еңбек биржасын сынақтан өткізді. Биыл мамырдан бастап осы қызмет барлық қазақстандыққа қолжетімді.

 

 

 

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста