Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жылжымайтын мүлікті енді нотариуссыз ХҚКО арқылы тіркеуге болады

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Осыған дейін сатып алынған жылжымайтын мүлікті нотариус арқылы рәсімдейтін. Енді сатып алынған жылжымайтын мүлікті нотариуссыз, яғни ХҚКО арқылы тіркеуге болады. 

 

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы  Алматы қаласы бойынша филиалы хабарлады.

 

Ол үшін, ең алдымен ХҚКО-ға кезекті онлайн брондайсыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минут ерте келу қажет.

 

   ХҚО операторына келесі құжаттарды ұсынады:

 

- Сатып алу- сату келісімшартының 2 данасын жасасыңыз:

 

- Мүліктің техникалық паспорты; 

 

- Мүлік меншігіне құқық беретін құжаттар (сатушы тарапынан);

 

- Некеде болса, екі тараптың да жұбайының нотариус арқылы рәсімделген келісімі;

 

-Егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынатын болса, қосымша:

 

- Сату жөніндегі шешім;

- Сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсімделген келісімі.

 

Қызмет алушы ХҚО-ға дайын келісімшартпен келуі қажет. Келісімшартта міндетті түрде жылжымайтын мүліктің барлық сипаттамасы (ауданы, қабаты, пәтер нөмірі, кадастр нөмірі және басқа да техникалық сипаттамалары) көрсетілуі тиіс, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

 

Оның айтуынша, жылжымайтын мүлікті құрылыс компаниясынан алған жағдайда, ХҚО-ға компания өкілі келетін болса, келісімшартта оның аты-жөні көрсетілуі қажет. Егер олай болмаған жағдайда, келісімшартқа қол қоюшы, яғни компания директоры, директорлыққа тағайындалғаны жайында бұйрықпен ХҚО-ға өзі келеді. 

 

Қызмет құны (тұрғын үй үшін) - 1 202 теңге.

 

Қызмет құны тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлік түрлері үшін (қойма, автотұрақ т.б.) ауданына қарай өзгереді.

 

Егер тұрғын үй жекежай болса, қызмет құны өзгермейді, бірақ жер телімі және басқа да жекежай аумағындағы құрылыс нысандары үшін қосымша төлем жасалады.

 

Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда &ndash 1 жұмыс күні.

 

 

 

 

 

BAQ.KZ

 

 

 




Көрілген: 2373    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 12:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31