Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жылжымайтын мүлікті жедел тәртіпте тіркеуге болады

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

ҚР Әділет министрі 2021 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қатысты бірқатар өзгертулер енгізілді.

 

«Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды, ал нотариалды куәландырылмаған мәміле бойынша мемлекеттік тіркелген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі», делінген құжатта.

 

Электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

 

«Бұл ретте электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен кезден бастап екі сағат ішінде жеделдетілген тәртіппен жүргізіледі», деп жазылған толықтыруда.

 

Ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

 

Бұйрық 2021 жылғы 17 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.09.2021, 18:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31