Жылқы етін қалай таңдау керек (видео)

Жылқы етін қалай таңдау керек (видео)

Қасапшылардың айтуынша, жас малдың етін сүйегінен білуге болады. Қабырғаның сүйегі жіңішке болса, ол – тайдың еті. Ал еттің түсі малдың майды қалай жинағанын аңғартады.

"Мысалы, сары ет болса, даланың малы деген сөз. Осы сары ет дәмді болады. Бірақ ол сәл кештеу піседі. Ал тез пісетін ет қажет болса, онда тайдың етін алу керек", - дейді сатушы Мағфуза Нәшкенова.

Ал сатушы Гүлсім Станбекқызының сөзіне қарағанда, еттің қыртысы жақсы болуы керек.

"Жылқы етін таңдағанда қазысы мен жаясына қарайды. Ол қыртысты және әдемі болуы керек. Қазысы екі елі болса, ет жақсы деген сөз. Түсі сары болса, жайылымда жүрген малдың еті. Сосын жеміне де байланысты. Негізі, сарғыштау ет дәмді болады", - деді Станбекқызы.

Тілеужан Қашубайұлы да ет таңдағанда ешқандай құпия жоқ екенін айтып отыр.

"Малды бордақыласа, еті ақшыл болады. Енді, жылқы етін таңдаудың құпиясы жоқ. Қазының майына қарайсың, жаясына қарайсың, соған қарай бағасын да қояды", - деп атап көрсетті Қашубайұлы.

sputnik

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста