Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жылқы өзін мініп кетпек болған ұрыны «ұстап алды»

26 сәуір 2011, 15:28

Ресейдің Кемерово облысында ұрыларды ұстайтын жылқы пайда болды. Жуырда ол өзін мініп кетпек болған барымташыны құқық қорғаушылардың қолына «тапсырды». «Комсомольская правда» газетінің жазуынша, оқиға аталған жылқы жайылатын кәсіпорын маңында тіркелген.
Анықталғандай, барымташы сол кәсіпорынның бұрынғы жылқышысы болып шықты. Ұры жылқыны алдымен ерттеп, содан кейін мініп қашпақ болған. Алайда тарпаң мінез танытқан жылқы мөңкіп, оны үстінен аударып тастайды. Ұры сол құлағаннан бат­пақтың үстінде құқық қорғаушылар келгенше тапжылмай жатады. Асыл текті жануар оны тұяғымен тарпып, тұрғызбай ұстап тұрған. «Осыдан соң ол барымташыны тәртіп сақшыларының қолына «тапсырады». Кеудесі тапталып қалғандықтан, ұрыға медициналық көмек көрсетуге тура келді. Оны өз-өзіне келгенде Ішкі істер департаментіне алып келеді. Азаматты тексеру кезінде қалтасынан 30 грамм марихуана та­былған», – дейді газет тілшілері. Қазіргі күні жануар өз иесіне қайтарылды. Ал барымташыға «ұрлық» бабы бойынша айып тағылып отыр.