Жыныстық қатынастың ЕҢ ҚАУІПТІ түрлері (18+)

Жыныстық қатынастың ЕҢ ҚАУІПТІ түрлері (18+)

Иә, жыныстық қатынастың денсаулыққа пайдасы орасан. Жүйке жүйесін былай қойғанда адам ағзасының гормоналды жүйесі, ішкі ағзалар мен мидың қызметіне дейін пайдасы тиетін «көрпеасты» шаруасының қауіпті жақтары да бар.

Абайламаса, аяқты аспаннан келтіріп, жыныстық қатынасқа қайта беттетпей қоятын түрлері де бар. Біріыңғай поза, біркелкі түрлері жалықтырғанда жұптар кейде жаңасын байқап көргісі келеді. Дұрыс, байқап көру, жыныстық қатынасқа өзгеріс енгізу арқылы некелі жұптың арасындағы қарым-қатынасқа да жаңа леп келетіні рас. Дегенмен, осы тұста артық кетіп қалатындардың реті көбірек болады екен. Артық кетіп қалатыны сол – сақтық шараларын ұмытады. Содан келіп жарақат алу, тіпті, соңы өліммен аяқталатын жыныстық қатынас түрлері бар көрінеді. Ол қандай жағдайлар?

Бұл АСА ҚАУІПТІ!

«Скарфинг» немесе «асфикциямен ойнау» деп аталатын жыныстық қатынас түрінде оттегінің жетіспеуі кезінде эйфория сәтін тудыратын белсенді заттар түзіледі. Бұл уақытта адам қозу үстінде болса, ләззатты екі есе көп сезінеді деген қате пікір бар. Қателігі сол, ондай сәтте адам өзін бақылауда ұстауы мүмкін емес. Бақылай алған күнде де тоқтауға үлгермей сол күйі «мәңгілік тұрағына» аттанып кеткендер қаншама?! Әсіресе, өзін өзі қанағаттандыру мақсатында жалғыз «ойнағандардың» арасында өлім құшқандары жетерлік.

Балауыз жағу

Фильмдерде көрсетіле беретін жалаңаш тәнге балауыз жағып «ойнау» соңғы кезде сәнге айналған көрінеді. Еріген балауызды жалаңаш тәнге тамызу арқылы қандай ләззат алары белгісіз, бірақ одан күйіп қалу қауіпі үлкен екендігін естен шығарады. Одан бөлек, балауызды тек денеге жақса мейлі, ол тамған жаймадан кетіру де оңай болмайтынын әйелдер біледі. Қысқасы, еріккеннің тірлігі, түкке пайдасы жоқ, бір «қияли» жанның ойлап тапқаны болса керек. Мүмкін, фильмге ерекшелік бергісі келді ме, ол жағы түсініксіз. Балауызсыз-ақ төсектен керемет ләззат алуға болады.

Автокөліктегі «тәтті сәт»

Әсіресе, көлік жүргізіп бара жатқанда... Мұны мүлде жасауға болмайды. Әлбетте, өмірі қымбат, соңында іздеушісі бар, өзі пана болып жүрген жандары барлар есі дұрыс болса мұны жасамаса керек.

Романтикалық шамдар

Төсек айналасына шам жағып толтырып тастайтындар да мұның қауіпті екенін білуі тиіс. Айтпақшы, отты көрсе қоза кететіндерді «пиролангия» деп атайды. Егер сүйіктіңіз төсек немесе ас ішетін жерге дейін романтикалық кеш ұйымдастырамын деп шамдар қойып тастауға әуес болса, отты көрсе қозуға ұшырайтындардың қатарынан деп күдіктенуге болады. Жо-жоқ, ондай жандар адам үшін қауіпті емес. Тек олардың отты тым көп пайдаланғысы келетіні қауіптендіреді. Ләззатқа ерік беріп, асығыс шешінгенде қай шамның үстіне киім түсіп, көрпенің бұрышына қашан от тиіп кететін бақылап тұрған ешкім жоқ. Өрт қауіпі басым болады мұндайда.

«Токқа түскенді жақсы көретіндер»

Бір сөзбен солай айтпасқа шара жоқ. Иә, әлемде ондай да адамдар бар. Әлсіз ток күшін сезіну арқылы төсектен алатын оргазмын еселеймін деп ойлап мүрдем кеткендер де баршылық бұл әлемде.

Кинодағыны қайталау

Кинодағының барлығы ләззат алып жатыр дейсіз бе? Құдай-ау, жан-жағынан камера мен режиссер, түсіру тобы қаумалап тұрғанда қайдағы ләззат?! Бір сәтке киноның адам қолымен жасалғанын естен шығармау керек. Кино әсерлі болу үшін не істелмейді? Оны қаншама адам түсірді, қаншасы монтаж жасалып, қиылып-кесіліп, ең бір керемет сияқты көрінетін сәт құрастырылып болғанда ғана ұсынылған жоқ па көруге? Небір позаларды жасау үшін арнайы физкалық тұрғыдан дайындығы мығым адамдар түскен оған. Оны қайталаймын деп жыныстық мүшенің немесе белдің жарақат алмасына сенімдісіз бе? Сол позада тұру үшін оларға қаншама адам көмектесті. Ал сіздер екеу-ақ екендіктеріңізді естен шығармауға тиіссіз, денсаулық пен қарым-қатынас одан кейін де керек болса, әрине.

Жатын бөлмеден басқа жерде...

Иә, рас. Кейде жатын бөлмеден тыс жерде де серігіңізге «тәбетіңіз ашылып» кететін сәттер болады. Адам, пенде болған соң сол да... Бірақ ондайда ақылды да жоғалтып алмаған жөн. Лифт, жұмыс кабинеті, ұшақ немесе көпшілік орын – мұндай жерлерде жыныстық қатынаспен айналысуға ең біріншіден қатаң заң бар. Екіншіден, жайлы төсек болмаған жерде шалт қимылдың да, ыңғайсыз жердің де денсаулыққа зияны тиіп кету қауіпі көп. Ал табиғатқа шыққанда алдын ала дайындығыңыз болмаса, ағаш түбі, бұтаның арасы дегендер де «өтпей қалуы» кәдік. Ол жерде бөгде зат, улы жәндік болуын ойласаңыз өзіңіз де шешінгіңіз келмей қалары анық.

Қандай жағдайда да, қандай сәттерде де қалауыңыз ашылып кеткенмен АДАМДЫҚтан шықпаған жөн. Шариғат бойынша жыныстық қатынасқа түскен жұптың бөлмесінде тірі жанның болмауы, үстері міндетті түрде жабық болуы тиіс екендігі айтылады. Не болса да жатын бөлмеде, оңаша жерде, бар жағдайды жасап барып бір-бірінен ләззат алғандар ғана ұтады. Шынайы, қауіпсіз, ертең тағы да қалаулы болмақ.

Ж.Байтұрым

ernur.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста