Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Кәмпит бағасы тұрақты ма?

27 қаңтар 2011, 11:47

Қазір бірқатар тауар бағалары қымбаттады. Әсіре­се, кө­көніс, жарма, қарақұмықтың бағасы тым қымбат. Бір аң­ғарғаным, кәмпиттердің бағасы тұрақты тәрізді. Бі­ле­йін дегенім, алдағы уақытта да кәмпиттерге қа­тыс­ты қа­лып­ты баға сақтала ма?
Айзада МАРАТҚЫЗЫ,
Алматы облысы
Оқырман сауалына тә­уел­­сіз сарапшы, отандық тауар сапасын Стандарттау жә­не сертификаттау орта­лы­­ғы­ның маманы Алтыния Оң­ға­рова жауап береді:
– Болашақта конфеттерге, оның ішінде шоколад­тарға қа­­тысты баға тұрақты бола­ды деп айту қиын. Себебі қа­зірде әлемдік на­рық­та ка­као­ның бағасы 14 па­йыз­ға қым­баттап кетті. АҚШ ка­каосын экспорттауға ты­йым сал­ғалы бері тәт­ті­лерге қос­па ретінде қос­ы­ла­тын ка­као-боб­­тың бағасы тағы да 10 па­йызға қымбат­тай­ды деп кү­­тілуде. Қазірдің өзінде атал­­мыш өнім Нью-Йоркте бір­­ден 6 пайызға қымбаттап, рекордтық көр­сет­кішке жетіп отыр. Сарапшылар мұның со­ңы әлемдік на­рықта кондитерлік өнім­дердің және конфеттердің бағамы қым­бат­тауына апарып соқтыра­ты­нын алға тар­тады. Қа­зір­дің өзінде Өз­бекстан, Тә­­­жікстан елдерінде какао өні­­міне сұраныс тө­мен­деп, тіп­ті қайсыбір елдер бұл какаоны өнімге қоспа ретінде пай­далануды шегере тұру ке­ректігін жөн санап отыр...