Қан тобы мен иммунитет арасында байланыс бары анықталды

23 ақпан 2022, 18:56

Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар екінші қан тобындағылардың иммунитеті әлсіз келетінін әрі осындай себепке байланысты аурушаң болатынын алға тартып отыр.

 

Бұл жайында islam.kz порталы rueconomics.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Дәлірегі, 40% жағдайда олардың вирустық инфекция кезінде интерферон (Интерферон — табиғаты ақуыз болып келетін организмнің қорғаныс заттары – Уикипедия электронды энциклопедиядан) өндіру қабілеті төмендейтіні атап өтілген.

 

Ал бірінші, үшінші және төртінші қан тобына ие адамдардың иммунитеті күшті келеді әрі осыған байланысты олардың денсаулығы да мықты.

 

Бұдан бөлек, аталмыш зерттеу барысында ғалымдар өзге қан тобындағыларға қарағанда төртінші қан тобына ие адамдардың денсаулығы мықты болатынына көз жеткізген.

 

92% жағдайда олар интерферонды жақсы шығарды, ал бірінші қан тобындағылардың интерферон бөлуге қатысты көрсеткіші - 80% болса, үшінші қан тобындағылапрдыкі - 91%.