Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қандай жұптарда ұл бала көп туады?

  • Фото из Яндекс картинок

    Фото из Яндекс картинок

Бұған 4 фактор әсерін тигізеді екен.

 

Атап айтқанда:

 

Ата-ана организмдерінің ерекшелігі

 

Анна Милованова есімді ресейлік ғалым әйел «Кәдімгі ата-ана үшін өзгеше кітап» деп аталатын еңбегінде болашақ баланың жынысына ең алдымен ата-ана организімінің физиологиялық ерекшелігінің қалай әсер ететінін жазыпты.

Бәріңіз бір жиынтығында Х-хромосомасына, ал келесісінде Ү хромосомасына ер адамдардың ие болатынын білесіздер. Ал екі Х хромомасы әйелдерге тән. Болашақ баланың жынысы Х немесе Ү жиынтығына қандай хромосомалардың үстелетініне байланысты болмақ.

 

Автордың айтуынша кей әкелерде бірыңғай Х немесе Ү хромосомалары ғана кездеседі, сол себепті, олардың зайыбы тек қыз балаларды немесе ұл балаларды өмірге әкеледі.

Мәселен, 24 сағат бойы 10 ретке дейін эякуляцияға қабілетті ер адамның темірі бірыңғай Ү хромосомасын (98%) бөлетін болады. Сол себепті, оның зайыбы ұл балаларды көтеруге бейім келеді.

 

Бұдан бөлек, мәселе тек хромосомаларға ғана тіреліп тұрмағынан айта кету керек, бұл мәселенің бір ұшы әйелдердің аналық жасушасында, дәлірегі, аналық безінде жатуы мүмкін.

 

Ғалымның жазуынша, оң жақтағы аналық жасуша Ү хромосомасын, ал солындағысы Х хромосомасын қабылдауға бейім тұрады. Егер оның екеуінің бірін қандай да бір дерт шалса, сау жағы хромосоманы қабылдайтын болады. Егер сол жағындағысы бұл функцияны орындаса, әйел көбінесе қыз балаларды көтереді.

 

Ата-ана мінезі мен сапасы

 

1973 жылы ғылыми ортады Трайверс-Уиллард гипотезасы пайда болды. Аталмыш гипотезаға сәйкес әдетте денсаулығы мықты, шымыр, күш-қуаты жақсы, қысқасы нағыз ер-азаматтарға тән қасиеттерге ие әкенің ұрпағында ұл балалардың қарасы көп болмақ. Қызық болғанда, әйел әдемі болса, қыз балаларды көп көтереді.

Мұның негізі табиғи сұрыптаудың өзінде жатыр. Яғни, әу баста ерлер (күшті) мен әйелдерге (әдемі) жынысан қарай белгілі бір артықшылықтар берілген. Яғни, күшті болмақтың да, көрікті болмақтың да ер мен әйелдің сапасын танытатын басты физиологиялық өлшемдер бола алады екен.

 

Лондон университетінің экономика және саясат мектебінің профессоры Сатоши Каназава бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп те көрген екен. Аталмыш зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, агрессияға бейім ер адамдардан көбіне ұл балалар өмірге келеді.

 

Тұрақтылық пен қышқыл-сілтілі баланс (тепе-теңдік)

 

Бәріңіз білетіндей, мынадай демографиялық догмалық түсінік бар: әйелдікіне қарағанда ерлер ұрығының тірі қалу сирек деген. Бұл теорияны жанамалап болса да статистикалық деректер де растайды.

 

Мәселен, АҚШ-тың ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының келтірген мәліметіне қарағанда, тұрмыстағы әйелдердің 51,5%-ы көбінесе ұл перзент көтерген, ал тұрақты емес ерлі-зайыптық қатынастағы немесе жалғызбасты әйелдер әдетте қыз көтерген.

 

Мамандар бұл құбылысты былайша түсіндіріп беруге талпынған болатын: Әйел ұл бала көтеруі үшін жанында қамқоршысы болуы тиіс. Яғни, жанындағы қосағы тарапынан көп көңіл бөлініп, күтім көруі қажет.

 

Бұдан бөлек, ұрықтың жынысына анасының организіміндегі қышқыл-сілтілі балансы да өз әсерін тигізетінін айта кету керек. Кей әйелдерде сілтілі орта басым болса, кейбіреуінде керісінше – қышқылы артық. Болашақ ұл бала болуы тиіс шәуһат сілтілі ортада өзін жақсы сезінеді. Ал қыз бала болуы тиіс шәуһат қышқылды ортада өзін ақсы сезінеді.

 

Ананың жасы мен стрестік жай-күйі

 

Болашақ баланың жынысына анасының жасы да, сондай-ақ, перзент көтерген кездегі стрестік жай-күйі де өз әсерін тигізбек. Бұл фактордың да өз әсерін тигізетінін экономика профессоры Дуглас Элмонд дәлелдеп шыққан болатын. Ол 1959 — 1961 жылдар аралығында Қытайда орын алған Ұлы аштықтан кейінгі статистикалық мәліметті зерделеген екен.

Ғалымның анықтағанындай, аталған мерзімде қытай әйелдерінің дені кеш үйленген. Олардың барлығы дерлік, бірыңғай қыз бала көтерген.

 

islam.kz




Көрілген: 3010    Пікірлер: 0

сенбі, 18.04.2020, 11:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Сәуір, 12:16
    АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
    16 Сәуір, 23:47
    1414 не үшін керек?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31