Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қандай тағамдардан кейін бүйректе тас пайда болады

  • Көрнекі фото: pexels.com

    Көрнекі фото: pexels.com

Белгілі дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде бүйрек тастарының пайда болуына әкеліп соғатын өнімдерді атады деп хабарлайды РИА Новости. 

 

Оның сөзінше, қызыл ет құрамындағы жануар майлары мен ақуыздар бүйректе тас пайда болу қаупін арттырады.

 

 Мясников осы санатқа жататын тағы бірқатар өнімдерді атап өтті.

 

"Шпинат пен көк шөптердің ағзаға пайдалы екені анық, алайда ол қандағы оксалаттар (оксалат қышқылының тұздары мен эфирлерін) мөлшерін арттырады және тас түзілуіне себепші болады", &ndash деді дәрігер.

 

Сонымен қатар, Мясников аз мөлшердегі қызыл құрғақ шараптан басқа алкогольді ішімдіктер бүйрек тастарының пайда болуына әкелуі мүмкін, деген пікірде.

 

Ол бүйрек жұмысы бұзылмас үшін мүмкіндігінше сұйықты көбірек ішу керектігін ескертті.

 

"Рационыңыздан тұзды &mdash натрийді, етті &mdash жануарлардың ақуыздары мен майларын азайтыңыз", &mdash деді ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші.

 

Одан бөлек, Мясниковтың сөзінше, кофе мен шай да бүйректе тас пайда болу қаупін азайтады.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 3458    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.12.2020, 13:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31