Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қант диабетіне шалдығудың негізгі факторын білесіз бе

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Артық салмақ қант диабетін тудыруы мүмкін, ал артық салмақтан арылу аурудың алдын алады, тіпті жеңуге мүмкіндік береді.

 

Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің және Италиядағы Милан университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келді.

 

Зерттеушілер 445 765 адамның деректерін талдады, олардың орташа жасы 57,2-ні құрады. Екінші типті қант диабетінің даму қаупі 6,9 млн ген және дене массасының индексі негізінде бағаланды.

 

Қатысушылар генетикалық бейімділікке байланысты бес топқа және дене салмағына байланысты бес топқа бөлінді. Еріктілердің орташа жасы 65,2 жасқа жеткенше бақылау жүргізілді. Осы уақыт ішінде 31 298 адам екінші типті қант диабетіне шалдыққан.

 

Сонымен бірге, дене массасының индексі ең жоғары қатысушыларда қант диабетінің қаупі индексі төмендерге қарағанда 11 есе жоғары болды. Бұл жағдайларда генетикалық қауіп деңгейі қарастырылмаған.

 

Ғалымдардың айтуынша, қант диабетімен ауыру кезінде дене массасының индексін шекті деңгейден төмен ұстап тұру ауруды асқындырмауға мүмкіндік береді. Ол үшін дене салмағы мен бойдың және қандағы қант деңгейінің арақатынасын үнемі бақылау керек.

 

24.kz




Көрілген: 849    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.09.2020, 13:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31