Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қант пайдалы заттарды жоя ма?

26 қаңтар 2011, 10:56

Шайға сүт қатып, қант салып ішпесем басым ауырады. Ма­ған қарап кішкентай балаларым да шайқор болып бара жа­тыр. Бірақ кейбір адамдар «шайға ештеңе салмай, құр өзін іш­кен әлдеқайда дұрыс» дейді. Осы рас па?
Нұржамал ТЕРЛІКБАЕВА,
Қапшағай қаласы
Қара шайдың қан тамырлары жол­­дарын кеңейтіп, қан қы­сы­мын тұ­­рақ­тандыратыны және жү­­­рек­тің жұ­мысына көмектесе­тіні бел­­гі­лі. Се­бе­бі шайдың құ­рамы био­ло­гиялық пай­далы та­биғи зат­тар – кате­хин­дер­ге бай. Ал сүт құ­ра­мын­да шайға ара­ласқан кез­де ка­те­хиндердің шо­ғыр­ла­нуын күрт тө­мендетіп, шай­дың пай­­далы қасиетін азай­татын бе­лок­тар тобы бар. Бі­рақ сүт қо­сылған кез­де шай бір қа­сиетінен айы­­рыл­ға­ны­мен, екінші бір қасиетті иеленеді. Мы­салы, сүт қо­сылған шай құнарлы бо­лады әрі ор­ганизмге жақсы сіңеді, сон­­дай-ақ суық­тап қал­ғанда жә­не ем­шектегі ба­ласы бар ана­лар­дың сү­тін мо­лайтуға жақсы септігін ти­гізеді.
Өте пайдалысы – шайға ли­мон қо­сып ішу. Бұл ретте, цит­рус­тық қос­па шайдың құнар­лы­лық жә­не емдік қа­сиетін кү­шей­теді. Жал­пы, аме­ри­калық ға­лым­дар ли­мон қосылған ыс­тық шай­дың тері рагының алдын алу­­ға жақсы кө­мектесетінін ай­тып жүр. Ал шай­ға қант қосып ішу, ке­рі­сін­ше, зиян. Бұл шайдың өзі­не тән хош иісін жоғалтатыны өз алдына, он­дағы В дәруменін жойып жі­бе­ре­ді. Сон­дықтан қант­тан гөрі шайға бал қо­сып іш­кен әлдеқайда пай­да­лы­рақ.