Сұрақ-Жауап. Кеңес

Карантин жалғасқан жағдайда сұлулық салондарының қызметіне рұқсат беріле ме?

  • Карантин жалғасқан жағдайда сұлулық салондарының қызметіне рұқсат беріле ме?

    Карантин жалғасқан жағдайда сұлулық салондарының қызметіне рұқсат беріле ме?

Әкімдіктегілер карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын тағы да ескертеді.
Елдегі эпидемиологиялық жағдай дұрысталған кезде сұлулық салондарының қызметіне рұқсат беру мәселесі қаралады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, бүгінде Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың сұлулық индустриясы нысандарының қызметіне тыйым салды.

"Карантин кезінде сұлулық салондары қауіп-қатер объектілері болып саналады. Қызмет көрсету ерекшелігінің өзі (шаш қию, сәндеу, шашты бояу, маникюр және тағы басқасы) шебер мен клиент арасындағы өте жақын (1 метрден кем) және ұзақ (30-40 минут және одан көп) байланысты қарастырады. Шебер ауырған жағдайда барлық клиент жақын байланыс тізіміне кіреді және айналасына қауіп төндіреді", – делінген хабарламада.

Әкімдіктегілер карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын тағы да ескертеді.

"Санэпидқызмет органдары тарапынан бақылау күшейтіледі. Осындай бұзушылықтың барлық фактілері туралы аудандық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына немесе тікелей Алматы қаласы департаментіне хабарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.  




Көрілген: 736    Пікірлер: 0

жұма, 24.04.2020, 15:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30