Сұрақ-Жауап. Кеңес

"Карантин жеңілдеп жатыр": Қазақстанда той жасауға рұқсат берілді ме?

  • "Карантин жеңілдеп жатыр": Қазақстанда той жасауға рұқсат берілді ме?

Қазақстандықтарға көп қонақ шақырып, той өткізуге рұқсат беріле ме? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді деп хабарлайды  Қазақпарат 

"Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің "Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" 2020 жылғы 15 тамыздағы №48 қаулысына сәйкес отбасылық, салтанатты, естелік шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өткізілетін және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынған", - делінген ведомствоның хабарламасында. Денсаулық сақтау министрлігі карантин режимі кезінде құқық бұзып, той немесе еске алу шарасын жасаған тұлғаларға әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік айыппұл қарастырылғанын еске салды. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда бір апта ішінде карантин шараларын бұзғаны үшін 40-қа жуық кәсіпкерлік нысанына айыппұл салынды. Оған қоса, Алматы облысында үйлену тойының кортежіне қатысқан жүргізушілерге айыппұл салынып, көліктері арнайы тұраққа қойылды. 

Қазақпарат 




Көрілген: 1433    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.09.2020, 19:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31