Сұрақ-Жауап. Кеңес

Карантин кезінде қалай тамақтану керек - Диетолог

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Карантин кезінде немесе үйден жұмыс істегенде артық салмақ қосу қаупі бар. Бұл қорқыныштан қалай құтылуға болатынын әрі жақсы көңіл күйді сақтаудың мәнін медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог Иван Алименко айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik-ке сілтеме жасап.

 

Үйде тәбеттің жиі ашылатыны баршамызға аян. Әйтсе де өз-өзіңді ұстап, шыдамдылық таныту белгілі бір ерік жігерді талап етеді. Тамақтану күнделігін бастау тәуліктің межелі калориясынан аспай, яғни салмағыңызды қазіргі күйінде сақтауға көмектеседі, – дейді дәрігер.

 

Диетологтың айтуынша, үйдегі адамға орташа есеппен күніне 2000 калория жеткілікті. Тамақтануды бақылауда ұстау, өз-өзіңе есеп беру – ересек адамға тән қылық. Соның арқасында үш сағат сайын аз мөлшерде ас ішсеңіз, қарныңыз ашпайды әрі ағза да өзін жақсы сезінетін болады.

 

Ал үйден шыққан жағдайда дене шынықтыру сергіту жаттығуларын орындаңыз. Одан бөлек су ішу тәртібін берік ұстаныңыз. Есіңізде болсын, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы толыққанды ас ішуді ұсынып отыр, – дейді медицина ғылымдарының кандидаты.

 

"Артық салмақ жинауға жаңғақ, алма, жеміс-жидек себепші болады. Бұлардың калориясы жоғары болса да, өзіңізді тойымды сезіне алмайсыз. Егер біз жиі су ішіп отырмасақ, тамақты шектен тыс көбірек жеп қоюымыз мүмкін. Сондықтан майлылығы аз сүт қосылған кофе пайдалы болмақ. Бұл сусын ағзадағы сұйықтық көлемін сақтап, калорияның аспауын қадағалайды. Одан бөлек, көңіл күй жақсы болуы үшін жаттығу жасап, би қимылдарын орындап тұру қажет", – дейді Иван Алименко.

 




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 16:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Маусым, 16:36
    ЭЦҚ-ны қашықтан алу
    17 Маусым, 16:45
    Құрттың емдік қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31