Сұрақ-Жауап. Кеңес

Карантин кезінде суға шомылатындар нені ескеруі тиіс

  • Карантин кезінде суға шомылатындар нені ескеруі тиіс

    Карантин кезінде суға шомылатындар нені ескеруі тиіс

Бас санитардың айтуынша, қазіргі кезде орындалуы тиіс кез келген алдын алу шарасы адамдардың өз қауіпсіздігі үшін қажет. Бассейндер, аквапарктер мен жағажайларда әлеуметтік ара қашықтық сақталуы керек. Бассейнге бір мезетте кіргізілетін адамдар саны шектеледі. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бассейндерді ашу қарастырылған. Оларға мынадай талап қойылады: бассейнге кірген әр адамда кемінде бес шаршы метр орын болуы тиіс. Бұл шомылушылар арасында әлеуметтік ара қашықтықтың сақталуын қамтамасыз етеді", – деді Есмағамбетова тікелей эфир барысында.
Ол адамдар бассейн аумағына байланысты топ-топ болып кіргізілетінін атап өтті.

Бас санитар дәрігер аквапарктер мен жағажайларда ара қашықтықты сақтау қиынырақ екенін мойындады.

"Дегенмен, біз демалушылар арасында қашықтықты сақтау үшін кез келген жабдықты, шезлонгтарды бір-бірінен 1,5 метр алшақ орналастыру туралы талап қойдық. Жағажайға кіргізілетін адамдар саны оның аумағына байланысты болады. Мұның бәрі қадағаланады", – деп сендірді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Суға салып, шомылу керек: дәрігер жалбыздың біз білмейтін пайдасы туралы айтты

Бас санитар әлеуметтік ара қашықтық, маска, жалпы кез келген алдын алу шарасы адамдардың өз қауіпсіздігі үшін қажет екенін еске салды.

"Әрине, бәрін бақылау қиын. Себебі, табиғат аясында демалатындар бар, ол жерде ешкім ештеңені қадағаламайды. Бірақ біз вирус жұқтыру қаупі бар екенін түсінуіміз керек. Қазір науқастардың 80%-і ауру белгілері жоқ вирус тасығыштар. Дене қызуы, жөтелі бар адамдарға қарағанда олардың өзгелерге вирус жұқтыру ықтималы шамалы. Десек те олар бәрібір айналасындағыларға қауіп төндіреді", – деді ол.

Қазақстанда соңғы дерек бойынша 11 571 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 5 757-сі жазылып шықты, 41 адам қайтыс болды. 




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2020, 00:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Маусым, 16:36
    ЭЦҚ-ны қашықтан алу
    17 Маусым, 16:45
    Құрттың емдік қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31