Сұрақ-Жауап. Кеңес

Карантин уақытын үйде қалай өткізу керек: Психолог кеңесі

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Коронавирус адамзаттың күнделікті өмір салтын түбегейлі өзгертті. Пандемияға байланысты біраз елде карантин жарияланды. Адамдар үйден шықпай, қашықтан жұмыс істейтін болды. Ал төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген психолог Серікгүл Сәлі коронавирустың қоғамның санасына қалай әсер еткенін және карантин уақытын қалай өткізу керектігін айтып берді.

 

Бұрынғы жанталас тоқтады

 

Психолог маман коронавирустың таралуына байланысты көмекке жүгінетін адамдардың көбейгенін байқамапты. Дегенмен, өзінен кеңес сұрайтындар бұрынғыдай емес, әрбір тақырыпты терең қаузайтын болған.

 

"Мен кешеден бері әлеуметтік желіге шығып, халықтың сұрағына жауап беруді қолға алып жатырмын. Сонда байқағаным, адамдар терең ойланатын сұрақтарды көп жолдайтын болған. Бұрын өз тыңдарманыммен бұндай терең деңгейде сирек әңгімелесетінмін. Ал сұрақтардың деңгейі көтерілсе, адамның ой-санасы да өседі. Бұрынғы сұрақтың деңгейі өте төмен еді ", - дейді Сәлі.

 

Оның ойынша, қазіргі жағдайда адамдар терең ойлануға мүмкіндік алды. Себебі бұрынғы жанталас кілт тоқтады.

 

"Бұрын біз өмір үшін жанталасқан адам едік. Ойлануға уақыт болмады. "Қалың қалай?" деген сөздің өзін жүректен шығарып айтуға уақытымыз жетпеді. Анаған үлгеруім керек, мынаны алып қоюым керек. Әйтеуір, бітпейтін жанталас. Қазір ол жанталас тоқтады. Тыныштық кезеңі басталды. Содан халықтың сұрақтары да өзгерді, салмақты бола бастады. Бұрын бәрі асығып тұратын", - дейді психолог.

 

Не үшін жанталастық?

 

Серікгүл Сәлінің айтуынша, үйден шықпайтын халық абдырап қалды. Өйткені тыныштықты қалай қабылдауды білмейді. Содан отбасына қатысты сұрақтар жиі қойылады. Ал ата-аналар карантин кезінде үйге қамалып отырған балалар үшін қатты алаңдайды.

 

"Балалар таңнан кешке дейін компьютерде немесе "соткада" отырады, тағы не істеуге болатынын сұрайды. Сосын балалар шаршатты, күйеуі мен әйелі бір-бірін шаршатты. Осының бәріне үйде қалай төзіп отыруға болады? Қорқыныш-үрей төңірегіндегі сұрақтар аз емес. Қазіргі сәтті қалай пайдалану керек? Осындай сауалдар көп", - деп атап көрсетті Сәлі.

 

Психолог қазіргі тыныштықты пайдаланып, адами қасиеттерді көтеруге, бір-бірімен қарым-қатынасты бекітуге, отбасын күшейтуге кеңес беріп отыр.

 

"Мысалы, Қытайда карантиннен кейін ажырасу көбейіп кетті. Неге? Себебі олар өз үйінен қашып, өмір сүрген. Бізде де ондай адамдар аз емес. Көп уақытын жұмыста өткізеді, одан кейін тағы шаруамен шапқылайды. Сөйтіп, өзі білмейтін отбасын құрып қойған, оны танымайды да. Ішіндегі адам нені қалайды? Жаны не нәрсеге жақын? Былайша айтқанда, байланыс үзіліп кеткен, адами қарым-қатынас жоқ. Міне, осыны ойланумыз керек. Соған уақыт беріліп отыр", - дейді Сәлі.

 

Оның ойынша, қазіргі мүмкіндікті пайдаланып, отбасының жаңа бір формасын құру қажет. Себебі отбасы құндылықтары әбден ұмытылған.

 

"Үйіңде бала-шағаңмен, жан жарыңмен, ата-анаңмен отырып, сырлас, рухани әңгіме айт. Осылайша, бөтен ешкімді кіргізбей, жеке отбасы жүйесін құру қажет, бұрынғы қателіктерді түзету керек. Бұған дейін не үшін арпалыстық? Не үшін жанталастық? Осыны ойланайық. Бұрын бұны тыңдайтын құлақ жоқ еді, қазір пайда болды. Пандемия бізді бір-бірімізді тыңдауға, бір-бірімізді құрметтеуге, бір-бірімізбен қарым-қатынас жасауға үйретеді. Ал ол далада емес, өз үйіңде басталуы керек", - деп түйіндеді психолог.


 




Көрілген: 1394    Пікірлер: 0

жұма, 27.03.2020, 14:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30