Сұрақ-Жауап. Кеңес

Карантинде жұмыс істемеген базар саудагерлері сауда орнына ақы төлей ме?

  • Карантинде жұмыс істемеген базар саудагерлері сауда орнына ақы төлей ме?

    Карантинде жұмыс істемеген базар саудагерлері сауда орнына ақы төлей ме?

Нұр-Сұлтандағы «Орталық базар» саудагерлерден карантин кезінде орын ақысын талап еткен астананың базар басшылығы, саудагерлерге 50 пайыз жеңілдік жасауға келіскен.

Осылай деген кәсіпкерлер бұл ұсынысқа да түбегейлі қарсы, – деп хабарлайды AstanaTV.

Телеарнаның хабарлауынша, екі күн бұрын ғана «базар басшылығы карантин мерзімі үшін ақша талап етіп жатыр» деп шу шығарған.
Бұл жолы араға полицейлердің араласуына тура келді. Саудагерлерден маза қашқалы 4 күн болды. Ауыр індет елге жетіп, күтпеген жерден дүкендерін жауып кетуге мәжбүр болған олар қазір тіпті абдырап қалды. Базар әкімшілігі қайта-қайта қоңырау шалып, орын ақысын сұраған.

Саудагерлер базардың алдында наразылықтарын ашық білдірген соң, басшылық жеңілдік жасайтынын айтқан. Мамыр айына тиесілі орын ақысын 50 пайыз жеңілдікпен төлеуге болатынын хабарлапты. Мүлдем кіріссіз қалған халық бұған да көнбей отыр. Себебі, орынның ақысына төлейтін қаражаты жоқ.

Саудагерлер қанша қасарысса да, күзет қызметі мен коммуналдық төлемдер үшін де ақы төлеу міндеттелді. Сауда үйінің директоры оны базар ішінде түрлі дезинфекциялық шаралар үшін қажет деп түсіндірді. 




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

жұма, 15.05.2020, 08:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Сәуір, 12:16
    АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
    16 Сәуір, 23:47
    1414 не үшін керек?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31