Сұрақ-Жауап. Кеңес

Карантиндегі тіршілік: Енді қайтеміз?

  • Карантиндегі тіршілік: Енді қайтеміз?

    Карантиндегі тіршілік: Енді қайтеміз?

Ең бірінші кезекте президент елде төтенше жағдай режимін енгізді, содан кейін Қазақстанның астанасы мен Алматыны карантинге жапты. Қатаң режим енгізілгелі бір тәулік болды. Қабылданып жатқан шараларды бәрі біледі, алайда қала тұрғындарында әлі де сұрақтары бар. Factcheck.kz сайты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауаптарын негізге ала отырып, осы жиі қойылатын сауалдарға жауап береді.

 

НҰР-СҰЛТАН

Үйдің қасында орналасқан, азық-түлік және тұрмыстық химия сататын шағын дүкендер жұмыс істей ме?

Халықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ететін ұйымдар штатты режимінде жұмысын жалғастырады. Олардың қатарында: сауда желілері, супермаркеттер, шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендер, сондай-ақ ірі сауда орталықтары, сауда үйлері мен базарлар жанындағы азық-түлік бөлімдері. Барлық сауда дистрибьюторлары, көтерме саудамен айналысатын жеткізушілер және тауар өндірушілері ұсынылған өтініштер негізінде азық- түлік пен бірінші кезекте қажетті тауарларды сауда объектілеріне, супермаркеттерге, шағын маркеттерге, үй маңындағы шағын дүкендерге және базарларға үздіксіз жеткізіп тұруы қажет.

 

Карантин темір жол вокзалына, яғни Алматы мен Нұр-Сұлтанда аялдайтын транзиттік пойыздар үшін қалай әрекет етеді?

Темір жол көлігі бойынша: 2020 жылдың 22 наурызы сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласына келіп/кететін жолаушылар және қала маңына қатынайтын поездардың жүруі тоқтатылды. 2020 жылдың 22 наурызы сағат 00:00-ден бері Нұр-Сұлтан станциясы арқылы транзитпен өтетін жолаушылар және қала маңына қатынайтын поездарға жолаушыларды отырғызбай/түсірмей жүруге рұқсат етілді. Сонымен қатар, 2020 жылдың 22 наурызы сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы станцияларында мінетін және оларға дейін баратын жолаушылар және қала маңына қатынайтын поездардың жолаушылар тасымалы тоқтатты.

Автокөлік бойынша: 2020 жылдың 22 наурызы сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласына баратын/шығатын жолаушылар тасымалы тоқтатылды. Нұр-Сұлтан арқылы өтетін автокөлік транзиті қалаға кірмей жүзеге асырылып жатыр. Әуе көлігі бойынша: 2020 жылдың 22 наурызы сағат 00:00-ден бастап халықаралық және жүк тасымалдайтын авиарейстерді қоспағанда, Нұр-Сұлтан әуежайынан/әуежайына қатынайтын жолаушылар тасымалы тоқтатылды. Атап өтетін жайт, төтенше жағдай кезінде әуе және темір жол көлігімен жол жүруден бас тартқан жолаушыларға билеттердің толық құны өтініш мерзіміне қарамастан қайтарылады.

 

Кеңседе жұмыс істеуге шектеу бар ма?

Кеңсе қызметкерлерінің 70%-ын қашықтық режиміне ауыстыру ұсынылды. Бизнес-орталықтар санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, жұмыс кестесін сағат 10:00-нан 17:00-ге дейін белгілеуі тиіс. Бұл ретте бизнес-орталықтарда орналасқан қоғамдық тамақтану орындары да өз жұмысын тоқтатады.

 

Карантиндегі қалаларға жақын орналасқан Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды және т. б. жерлерде шаралар күшейтіле ме?

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдеріне Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының айналасында карантин аймағын құру жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды. Астана әкімдігі аталған өңірлермен байланыста, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласына келіп/кеткен азаматтар туралы ақпарат алмасу жолға қойылған.

 

«Қозғалысты шектеу» деген не білдіреді? Қала ішінде А пунктінен Б пунктіне қалай жетуге болады? Жұмыс орнына қалай қатынаймыз?

Қазіргі кезеңде қала ішінде жеке автокөліктің, такси қызметінің немесе қоғамдық көліктің қозғалысына және пайдалануына шектеу жоқ. 19 наурыздан бастап қалалық және экспресс-маршруттардағы автобустар саны 775-тен 621-ге дейін (20%) қысқарды. Қалалық, экспресс, сондай-ақ қала маңындағы маршруттар сағат 21:00-ге дейін жүреді. Қала маңындағы автобустар 30%-ға қысқартылады. Такси санитарлық нормаларды күшейте отырып, штатты режимде жұмыс істейді. Қала маңындағы маршруттар Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Воздвиженка, Қызылсуат, Малотимофеевка, Шұбар, Ыбырай Алтынсарин және «Нұрлы» саяжай кенті үшін рұқсат етілген. Ақмол, Қабанбай батыр, Рақымжан Қошқарбаев, Максимовка, Аршалы, Жалтыркөл және Софиевка елді мекендеріне қозғалыс тоқтатылды.

 

Карантинді кім қадағалайды? Карантинді бұзғандар үшін қандай жаза қолданылады?

Медициналық тексеруден және емделуден жалтарған, эпидемиологиялық жағдайды анықтау үшін маңызы бар деректерді жасырған, карантин режимін сақтамаған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты жауапкершілік шараларын бақылау жұмыстарын Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен Денсаулық сақтау басқармасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізеді.

 

Блок-посттарда не тексеріледі? Қалаға кіріп/шығу үшін қандай құжаттар керек?

Блок-посттарда қалаға кіремін деушілердің дене температурасы арнайы аппараттармен өлшенеді және «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы арқылы тұрғылықты жері бойынша деректері тексеріледі.

 

Сұлулық салондары жұмыс істейтін бола ма?

Сұлулық салондарының, шаштараздардың, тіс емханаларының, химиялық тазалау қызметтердің жұмысы тоқтатылады.

 

Жеке көлікті пайдалануға қандай шектеулер қойылады?

Жеке көлікке қатысты еш шектеу жоқ. Техникалық қызмет көрсету (вулканизация, жеке тұрған автожуу) станцияларының жұмысы сағат 10:00-ден 17:00- ге дейін шектеледі.

Жұмыс істеуге шектеу қойылып, сатылым азайып және т.б. жағдайларға байланысты пайда болуы мүмкін еңбек дауларын шешу үшін қызметкерлер қайда жүгінуі қажет?

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын «Нұр-Сұлтан қаласының қалалық ортаны бақылау және сапа басқармасы» ММ-ның мемлекеттік еңбек инспекторлары бақылайды. Басқармада екі бөлім бар: «Еңбек қатынастарын бақылау бөлімі» – № 222 кабинет, тел: 55-67-27, 55-68-88 және «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі» – №212 кабинет, тел: 55-68-84, 55-68-85, 70-32-22 және 70-32-78. Олар азаматтарға еңбек заңнамасына қатысты мәселелер бойынша күнделікті түрде кеңес беріп отырады.

 

Қозғалыс шектеліп, блокпостар қойылғанын ескере отырып, карантин кезінде тамақ өнімдерін үздіксіз жеткізу қалай реттеледі?

Азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, қорғаныс және гигиена құралдары, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды жеткізушілер үшін шектеулер жоқ. Олар үшін «жасыл дәліз» жасалған.

 

Карантин аймағының ауданы қандай және оған кіру/шығу пункттерін қалай анықтау керек?

Нұр-Сұлтан қаласының аумағы және жақын маңдағы Қосшы, Қоянды, Ильинка, Талапкер және Жібек жолы кенттері.

 

Қоғамдық тамақтану тек тасымал бойынша жұмыс істей ме?

Қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, тойхана, банкет залдары, фудкорттар, асханалар, донер істейтін жерлер, лаунж-барлар, тез тамақтану пункттері, сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жанындағы фудкорттар, қонақ үйлердің лобби барлары, барлар, 1000 орын жобалары (азық-түліктен басқа) және олардың онлайн-тапсырыс пен тамақты жеткізу қызметі тоқтатылды.

 

Халықтың азық-түлікке деген тәулік сайынғы қажеттілігі қалай анықталатын болады?

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 503 бұйрығына сәйкес адам күніне 3 килограмм азық-түлік тұтынуы керек. Осы ретте қала жылына 930 мың тонна азық-түлік тұтынады.

 

 

АЛМАТЫ

Үйдің қасында орналасқан, азық-түлік және тұрмыстық химия сататын шағын дүкендер жұмыс істей ме?

Иә, азық-түлік дүкендері штатты режимде жұмыс істейтін болады.

 

Карантин темір жол вокзалына, яғни Алматы мен Нұр-Сұлтанда аялдайтын транзиттік пойыздар үшін қалай әрекет етеді?

Транзиттік пойыздар аялдамай, тоқтаусыз жүретін болады.

 

Кеңседе жұмыс істеуге шектеу бар ма?

Жұмысты қашықтан істеуге және азаматтармен қарым-қатынасты азайту ұсынылды.

 

Карантинді кім қадағалайды? Карантинді бұзғандар үшін қандай жаза қолданылады?

Бірқатар шаралар мен уақытша шектеулер қойылды, оның арасында қалаға шығуға және кіруге тыйым салынды. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды, сондай-ақ денсаулық сақтау және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұраймыз. Тәртіп бұзғандар үшін келесі баптар бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: – ҚР ӘҚБК-ның 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу); – ҚР ӘҚБК-ның 667-бабы (полиция талаптарына бағынбау); – ҚР ӘҚБК-ның 462-бабы (санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының бұйрығын орындамау); – ҚР ӘҚБК-ның 425-бабы (санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу). Сонымен қатар, келесі баптар бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген: – ҚР ҚК-ның 304-бабы (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу); – ҚР ҚК-ның 379-бабы (төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбау).

 

Блок-посттарда не тексеріледі? Қалаға кіріп/шығу үшін қандай құжаттар керек?

Жеке куәлік, ал автокөлікпен жүрсеңіз, көлікке қатысты құжаттар.

 

Такси, метро, қоғамдық көлік қозғалысы да шектеле ме?

Қазіргі уақытта Алматы қаласында қоғамдық көлік жұмысында шектеулер жоқ.

 

Қаскелең, Талғар және т.б. қала маңындағы елді мекендерде жағдай қалай? Сол жерлерге барып/келуге бола ма?

Жоқ, қала маңында барып/келуге тыйым салынған.

 

Қала ішінде қозғалуға қандай шектеулер бар?

Қазіргі уақытта ондай шектеу жоқ.

 

Сұлулық салондары жұмыс істей ме?

Сұлулық салондарының жұмысы тоқтатылды.

 

Жұмыс істеуге шектеу қойылып, сатылым азайып және т.б. жағдайларға байланысты пайда болуы мүмкін еңбек дауларын шешу үшін қызметкерлер қайда жүгінуі қажет?

Карантин кезеңінде бизнес субъектілерін тексеру тоқтатылды. Еңбек заңнамасының нормаларына қатысты сұрақтарыңыз бойынша Сіз Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының сайтына немесе сайтта (www.usb.almaty.kz) көрсетілген телефондар бойынша мамандарға хабарласа аласыз. Осыған қоса, төтенше жағдайға байланысты Құқықтық нормаларды түсіндіру жөніндегі басқармада азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін арнайы штаб құрылды.

Байланыс ақпараты:

— бас мемлекеттік еңбек инспекторы Мұқажанова Айнұр, тел. 272-61-51;

— қауіпсіз еңбекті бақылау бөлімі, тел. 385-00-76, бөлім басшысы – Қалдыбаев Алмат.

 

Қозғалыс шектеліп, блокпостар қойылғанын ескере отырып, карантин кезінде тамақ өнімдерін үздіксіз жеткізу қалай реттеледі?

Азық-түлік өнімдерін супермаркеттер мен дүкендерге, сондай-ақ азық-түлік шикізаты өңдеу кәсіпорындарына «жасыл дәліз» арқылы жеткізіледі. Осы орайда қажетті құжаттар (сертификаттар, декларациялар, тауарлық жүкқұжаттар, маршруттық парақ және т. б.) болып, эпидемияға қарсы талаптар (маскалардың, антисептиктердің, дезинфекцияның болуы) қатаң сақталуы тиіс. Сұрақтар туындаған жағдайда «жедел желі» телефондарына хабарласуға болады: 2716719, 3902016.

 

Карантин аймағының ауданы қандай және оған кіру/шығу пункттерін қалай анықтау керек?

Карантин аймағының сыртқы аумағы анықталды. Олар: Алматы қаласының әкімшілік шекаралары, «Алтын Орда» базары жеке қаралды. Қала аумағында тіркелген ошақтар бойынша карантин аймақтары анықталды.

 

Қоғамдық тамақтану тек жеткізу арқылы жұмыс істей ме?

Қоғамдық тамақтанумен айналысатын кәсіпорын басшыларымен санитарлық нормаларды сақтау және азық-түлікті жеткізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық тамақтану нысандары тамақты жеткізу және өзімен алып кету қызметі аясында жұмыс істейтін болады.

 

Халықтың азық-түлікке деген тәулік сайынғы қажеттілігі қалай анықталатын болады?

Халықтың азық-түлікке деген қажеттілігі сауда объектілеріндегі сату және сатып алудың күн сайынғы деректеріне негізделеді. Тауарлардың сатылуына қарай олар үздіксіз толықтырылып тұрады. Оны жеткізуші және өндіруші компаниялармен келісім-шарттар жасалған.

 




Көрілген: 283    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.03.2020, 15:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31