Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қарсыластарымызды қайда қабылдаймыз?

21 сәуір 2011, 10:15

Футболдан Қазақстан құрамасы биыл өз алаңында екі ресми кездесу өткізетінін білемін. Бұл ойындар әдеттегідей Астанада өте ме?
Мәдияр ӘЛІМБЕКОВ,
Алматы қаласы
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еу­ро – 2012 іріктеу турнирінің аясында енді екі ойынды өз алаңында өткізеді. Оның біріншісінде Әзірбайжан құрамасын 3 маусым күні қабылдаса, қазан айының 11-інде Австриямен кездеседі. Жақында аталмыш ойындар туралы Теngrinews.kz сайтында оқырмандардың сауалына жауап берген ұлттық құрамамыздың бас бапкері Мирослав Беранек Әзірбайжанмен болатын кездесу елорданың «Астана-Арена» стадионында өтетінін мәлімдеді. Ал Австрия құрамасын Алматының «Ор­талық» стадионында қабылдайтын бо­лып­пыз. Айта кетейік, осыдан біраз бұрын ҚФФ вице-президенті Михаил Гурман да осы екі ойынның бірі Алматыда өтетінін мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ оқырмандар сұрағына жауап берген пан Мирослав алдағы кездесуде ұлттық құрамамыздың капитаны Андрей Карпович болатынын айтты. Ал Самат Смақов вице-капитанның міндетін атқарады.