Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қарыз беру керек пе?

  • Қарыз беру керек пе?

    Қарыз беру керек пе?

Бүгінде қарыз алмайтын адам аз. Адамдардың көбі жалақыға дейін деп таныстарынан, туыстарынан қарыз алып жатады. Ол аз десеңіз, дүкеннен қарызға азық-түлік алатындар, тіпті дәмханадан да қарызға тамақ ішетіндер көп. Әрине, ақшаға мұқтаж болып тұрған адамға қарыз беру адамгершілік қана емес, сауапты іс те. Дегенмен де, қарыз алуды әбден әдетке айналдырған жандарға берген ақшаңыз сізге де, ол адамның өзіне де ешқандай игілік әкелмейтінін түсінген жөн.


Қарыз сұрау – писхикалық ауру


Иә, қит етсе қарыз сұрап алақан жайып жүретін адамды психикалық дертке ұшыраған деп санаған дұрыс болады. Өйткені, ол адам маскүнем, нашақор сияқты қарыз алмаса тұра алмайтын, соған тәуелділікке түскен. Алғашында аса қажет болғандықтан, қарыз алатын пенде уақыт өте келе сәл-пәл ақшаға мұқтаждық туа қалса, бұл мәселені шешудің ең оңай қолжетімді жолы ретінде қарыз сұрауды берік әдетіне айналдырып алады.


Қарыз алуды әдетке айналдырған адам араққа тәуелді болған маскүнем сияқты қарыз алмаса жүре алмайтын деңгейге жетеді. Мұндай адамның санасында, тіпті қалтасында ақшасы бола тұра соны жаратуға қимай, біреуден қарыз алып, қажетін сонымен өтеуге бейімділік пайда болады.


Дүкеннен қарызға азық-түлік алатын бірқатар адамдарды білемін. Үйімнің жанындағы дүкенде сондай бірнеше адам қарыз алып тұрады. Сонда байқағаным: дәптерге жаздырып алатын азық-түлікті әлгілер тегін алып жатқандай көретіндігі байқалады. Иә, қалтасынан ақша шығарып, төлемегесін ол тегін келіп жатқандай көрінетін болса керек. Әлгі дәптерге жаздырып азық-түлік алатындар қажет пе, қажет емес пе – қарамай үйіп-төгіп көр-жерді ала береді. Оның арасында арақ та, сыра мен қымбат темекі де болады.


Осылайша қарыз алуға әбден әдеттеніп алған пенделер кейін келе сол қарыздарын қайтармауға да бой үйрете бастайды. Өйткені, қарызы шамадан тыс көп болғандықтан, алғашында олар алдымен қыр соңынан қалмай сұрайтын адамдардың қарызы қайтарады. Мінезі жайлы, тыныштау адамдарды кейінге ысырып тастап, келе-келе есінен шығаруды әдетке айналдырады.


Қарыз беру – тапшылықтан құтқармайды


Өз басым айналамдағы адамдарға үнемі қарыз беретінмін. Алғашында қарызды мұқтажын өтеу үшін және ол сауап болады деген оймен беретінмін. Бірақ, кейін келе олардың біразы қарыздарын мүлдем қайтармайтынын білген соң «қарыз беру қажет пе?» деген ойға қала бастадым. Өйткені, әлгі адам тұрақты жұмысы, жалақысы бола тұра қарыз сұрауын қоймайды.


Қарыз алғыш адамдардың жалақыларының көбі қарыздарын қайтаруға жұмсалады да, өзінде ештеңе қалмайтындықтан, тағы да қарыз сұрауға мәжбүр. Осылай жалғаса береді. Ақша жетпегендіктен қарыз алады, қарыз алғандықтан, ақшасы жетпейді. Бұның өзі осындай ешқашан шеті-шегі болмайтын тұйық шеңбер іспетті. Осы тұйық шеңберге бір түскен адам одан енді қайтып шыға алмайды.


Үнемі қарыз алатын біраз адамды білемін. Олар меннен де қарыз алған және мен қарызды қайтар деп сұрап соңына түспейтіндіктен, қарыздарын ұмытқансып қайтармай кетті. Одан кейін түк болмағандай, тағы да қарыз сұрайды. Алғашында беріп жүрдім, бірақ қайтарымсыз қарызды беруден жалығып, кейін келе қарыз беруді тоқтаттым.


Меннен 50 мың теңге қарыз алған бір айдан кейін қайтарамын деген танысым, сол қарызын үш жыл бойы үзіп-созып қайтарды және түгел емес. 43 мың теңгесін берді де, қалғанын ұмытқансып қойды. Үш жылдың ішінде теңге қанша құнсызданды, бұны ол қаперіне алған жоқ. Әрине, мен одан қарызымды өсімімен қайтартайын деген ойым жоқ, бірақ бір айда болмаса да, бес-алты айдың ішінде қайтаруына болатын еді. Өйткені, ол жақсы қызмет істейді, жақсы жалақы алады, әйелі де табыс табады, балалары ержеткен, олардың бәрі өз күндерін өздері көреді. Яғни, ол адамда қарызын қайтара алмайтындай еш қиындық жоқ.


Қарыз алған адамда ебін тапса қарызын созып үзіп-жұлып қайтару, болмаса тіпті, бермей кету сияқты пиғылдар болады. Алғашында ақша тапшылығынан туған осындай әдет кейін келе санаға сіңіп, енді бұны ол саналы түрде қасақана жасайтын деңгейге жетеді. Осындай, қомақты қарыз алып қайтармай қашып жүруді әдетке айналдырған біраз адамдарды білемін. Қазақшылыққа салып, қарыз бергенде қолхат алмайтын таныстарым осылайша қомақты ақшаларынан айрылып, сан соғып қалған еді.


Түйін: осы жайлардан не түюге болады? Қарыз алуды әдетке айналдырған адамға сіз қанша қарыз берсеңіз де, ол ақша тапшылығынан ешқашан құтыла алмайды, яғни ақша жетіспеушілігі мәселесін түбегейлі шешуге сіз берген ақрыздың көк тиындық көмегі болмайды. Қарыз алып уақытында қайтармайтын, тіпті қайтармай кетуді әдетке айналдырған сондай адамға қарыз берген сіз ешқандай да сауап алмайсыз. Керісінше ол адамның қарызын қайтармауды әдетке айналдырып, ақша тапшылығынан құтылудың ең оңай жолы қарыз алу деген сенімін санасына орнықтыруға көмегіңізді тигізіп, сол арқылы ол жасаған күнаға ортақтасасыз. Сондықтан, ақылыңыз болса, аса мұқтаж сенімді адам болмаса, басқаларға қарыз беруден аулақ болғаныңыз жөн. Өз басым өмірлік тәжірибемде көрген жайлардан осындай оы түйдім және ешкімге қарыз бермейтін болдым. Бұны қабылдайсыз ба, жоқ па – ол сіздің өз еркіңіздегі шаруа.


akikat01.com/




Көрілген: 1629    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.04.2019, 19:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31