Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қарызға батқан болсаңыз...

  • Қарызға батқан болсаңыз...

    Қарызға батқан болсаңыз...

Әбу Уаил (р.а.) әңгімелейді: «Бірде хазірет Алиге басын азат етіп алса да, бұрынғы иесіне әлі де қарызын түгел төлеп бітпеген бір құл келіп:

&ndash Қарызымды төлей алатын түрім жоқ. Маған жәрдем ет, &ndash деді. Али (р.а.): &ndash Саған Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған үйреткен бір дұғасын үйретейін. Егер осы дұғаны оқысаң, қарызың таудай болса да, Алла саған жәрдем етеді. Былайша дұға ет: Аллам! Мені аз да болса адал және мүбаһ нәрселерге қанағат етушілерден қыл. Арам нәрсені ойыма да келтіре көрме. Маған байлық бер, өзіңнен басқа ешкімге мұқтаж қыла көрме».

Әбу Саид әл-Худридің айтуы бойынша: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні мешітке кірді. Ансардан Әбу Үмәма атты бір кісінің отырғанын көріп:

&ndash Ей, Әбу Үмәма! Намаз уақытынан басқа уақытта мұнда көрмеуші едім сені. Не істеп жүрсің? &ndash деді Пайғамбарымыз. Әбу Үмәма:

&ndash Аздап қиналып жүрмін, ей, Аллаһтың елшісі! Оның үстіне, қарыздарым да бар дегендей, &ndash деп мұңайды. Пайғамбарымыз:

&ndash Қиындықтардан алып шығатын және қарыздарыңнан құтылуға септігі тиер бір сөз үйретейін бе? &ndash деп сұрады.

&ndash Үйретші, Алла расулы!&ndash деді Әбу Үмәма қуанып кетіп. Пайғамбарымыз:

&ndash Таңертең және кешке мына дұғаны оқы: «Аллам! Қиыншылық пен қайғы-қасіреттен өзіңе сиынамын. Шарасыздық пен жалқаулықтан бір өзіңе сиынамын. Сараңдық пен қорқақтықтан Саған сиынамын. Қарызға белшемнен батудан және қарыз берушілердің есігімді торуылдауынан да өзіңе сиынамын!». Әбу Үмәма осы дұғаны оқығалы, Алланың қалауымен қиыншылықтар артта қалып, қарызынан түгелдей құтылғанын айтады».

asyldin.kz




Көрілген: 5857    Пікірлер: 0

сенбі, 16.01.2021, 16:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28