Қасқырдың қасиеті

Қасқырдың қасиеті

Білмеймін, тақырып дала тағысы қасқырға келгенде ауыл ақсақалдарының, кәнігі аңшылардың әңгімесін тыңдай бергің келеді. Оның үстіне адамда жоқ кейбір қасиет көкжалда бар.

Хайуан болса да, дала тағысы өмірінде бір-ақ рет жұптасады екен. Адамнан артықшылығы осы. Уәдесіне берік, сенімдеріне секем түсірмейтін аналығы тіршілігінде бір рет қана күшіктейді. Қатарынан туған 3-4 бөлтірігін аяққа қойғанша арланы да, қаншығы да ата-аналық қамқорлығын аямайды. Көзін ашып, бауырын көтеріп жүгіруге жараған күшіктерін желкесінен тістелей бұлақ суына, болмаса өзеннің жағалауына тастайды. Табаны май басқан бөлтірік аңға шаба алмайды. Сол майтабандығынан құтылу үшін қасқырлар бөлтіріктерін күніге 2-3 сағат суық суда ұстайды. Қыңсылап жиекке қашқан күшіктерді ата-енесі күштеп тұрып тістелеп, қайта суға лақтырады.

Қасқыр тіршілікте қатыгездіктің символындай болғанымен, күшіктеріне келгенде ерекше мейірімді. Мәселен, өзге апанда жетім қалған бөлтірікті қаншық қасқыр өз апанына әкеліп, күшіктерімен қоса бағады. Оған байланысты аңшылардың әңгімесі жеткілікті.

Қасқыр ұрпағын қорғау үшін жақын маңдағы қыстаудың малына тимейді. Малмен қоса адамнан қауіптің келетінін іші білгендіктен алыс ауылдарды, малшылар қорасын торуылдайды.

Бірде мал баққан бір қойшы көктемшілік қойының ішінде бір қозы енесін таба алмай маңырағанына мән береді. Әдетте қозы мен қойдың бір-бірін таба алмауы – болмайтын жағдай. Аналығының желіні бусап, қозы иіскелеп жүріп енесін табатын қасиетті құдай берген. Содан арада 10 күндей өткенде тағы бір қозы анасын таппай маңырайды. Содан қойшы қыстау іргесіндегі қасқырдың апанын аңдуға кіріседі ғой. 4-5 күшігі бар қасқыр түнемелік бөлтіріктері азық іздеп қыңсылағанда, аналық инстинктпен әлгі қойшының бір қозысын алып кетеді екен. Бөлтіріктері апанда әбден асқа тойып, ұйқыға кеткен кезде қасқыр жортуылға шығады. Бір қозы қарыз екенін қасқыр екеш қасқыр да есінен шығармайды. 30-40 шақырым жердегі бір қойшының қорасынан қозыны желкесінен тістеп, иығына салып арқалай келіп тірілей таң атқанша әлгі қойшының қорасына тастап үлгіреді. Сөйтіп бөрінің есебі түгелденгесін апанына жөнеледі екен. Ондай мысалдың сан алуаны бар. Хайуан демесең ақылы кейде адамнан асып түседі.

Нұрлан ҚАЗИҰЛЫ.

(Желідегі жазбасы).

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста