Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қай ел суретшiлерiнiң туындылары ең қымбат?

14 сәуір 2011, 16:35

Әлем суретшiлерiнiң қолынан шыққан туындылар аукциондарда адамның ақылына сыймайтын бағаға өтiп жатады. Былтырғы жылы өткен аукциондарда ең қымбат бағаланған қай ел суретшiлерiнiң картиналары болды?
Айнұр БАЙҒАБЫЛОВА,
Алматы облысы
Былтырғы жыл әлемдiк заманауи өнер нарығы үшiн өте жемiстi болды. 2008 жылдың қорытындысы бойынша, 28 туынды аукциондарда рекордтық бағаға өткен. Олардың 10-ы қытайлық қылқалам шеберлерiнiң шығармалары екен. Осы өнер туындыларынан жалпы 980 миллион евро пайда түскен. Дүниежүзiлiк мамандардың деректерiне сүйенсек, бүгiнде бейнелеу өнерiнiң iшiнде ең мәртебесi биiк болып тұрғаны – мүсiн өнерi. Өткен жылы 18 мүсiн миллион доллардан астам көлемде қаржы түсiрiптi. Ең атақты мүсiндердiң авторлары – Дэминен Херст (Ұлыбритания), Джефф Кунс (АҚШ), Такаси Мураками (Жапония). Ал живопись жанрындағы нарықта қытайлықтар озып келедi. Аспанасты елiндегi заманауи өнерден түскен қаржы былтырғы жылы 105 млн евроны құраған. Бұл көрсеткiш, алдыңғы жылдарға қарағанда, 69,5 пайызға өсiп отыр. Ал АҚШ-та өнер нарығы, алдыңғы жылдармен салыстырғанда, тек 26 пайызға көтерiлген. Сонымен, ең атақты қытайлық «аукцион жұлдыздары» – Цзен Фаньчжи, Чжан Сяоган және Юэ Миньцзюнь. Әлемдегi ең атақты шеберлердiң жұмыстарын аукционда қымбат бағаға сатып алушылардың көпшiлiгi араб елдерiнiң өкiлдерi екен.