Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қай елдің азаматтығы саяхаттау үшін ең тиімді

  • Қай елдің азаматтығы саяхаттау үшін ең тиімді

    Қай елдің азаматтығы саяхаттау үшін ең тиімді

Саяхаттауға ең ыңғайлы азаматтық Жаңа Зеландия елінікі екен. Осы елдің азаматтары коронавирус пандемиясы кезінде әлемнің 129 еліне кедергісіз бара алады. Бұл туралы Passport Index аналитикалық компаниясының сайтында хабарланды.

Осылайша, Жаңа Зеландия Германия, Ирландия, Австрия, Швейцария, Люксембург, Жапония, Оңтүстік Корея және Австралияны озып кетті, олардың азаматтары 128 елге арнайы құжаттарсыз және шектеусіз кіре алады.

 Жаңа Зеландия төлқұжаты Австралиямен келісімге келгеннен кейін өз позициясын нығайтты, осы орайда бұл көрші мемлекеттің тұрғындарына шекарадан жеңіл өте беруге мүмкіндік бар.

Covid-19 алғашқы толқыны кезінде ел тұрғындары тек 80 мемлекетке бара алды. Passport Index компаниясының өкілі Грант Богосян (Hrant Boghossian) Жаңа Зеландияның ұстанымы Үкіметтің пандемиямен жақсы күрескендігінің дәлелі деп санайды.

Шілде айында Жапония азаматтары коронавирустық пандемия кезінде саяхаттау үшін ең қолайлы азаматтықтың иелері деп аталды. Бұл елдің азаматтары пандемияға қарамастан, әлемнің 191 еліне визасыз бара алады, өйткені жапондарға 1 шілдеден бастап Еуропалық Одаққа кіруге рұқсат етілген.




Көрілген: 560    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.10.2020, 17:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31