Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қай уақытта тамақтанған пайдалы

  • https://qazaquni.kz/

    https://qazaquni.kz/

АҚШ ғалымдары қай уақытта тамақтану адам ағзасына пайдалы болатындығын ғылыми түрде дәлелдеді деп хабарлайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

PLOS Biology журналының мәліметінше, Теннесси штатындағы Вандербильт университеті ғалымдары зерттеу жұмыстарын жүргізген.

 

Белгілі болғандай, олар оқу орны қабырғасында метоболизм бөлмесін құрып, экспериментке өтуге келіскен адамдарды 56 сағат бойы ұстады.

 

Төрт айға созылған тәжірбиеге қатысқандардың арасында әр түрлә жастағы адамдар болған.

 

Басылым ғалымдар қатысушылардың барлығына бірдей тамақ бергенін, ұйықтау уақыттары да бірдей болғанын жазды.

 

Тамақты бірдей көлемде, бірдей калорияда бергенімен, тамақтану режимін түрлі уақытқа бөлген.

 

Бірінші сессияға қатысқандарға таңғы ас сағат 8.00-9.00 аралығында берілсе, түскі ас 12.30-13.30 аралығында, кешкі ас 17.45-18.15 аралығында ұсынылыпты.

 

Екінші сессияда таңғы асқа бір кесе шәй не қанты жоқ кофе, түскі асқа да шәй мен кофе берсе, кешкі асты 22.00-23.00 аралығында берген. Кешкі асқа таңертең және түсте желінбеген тамақты беріп, бір күндік калорияны бір уақытта берген екен. Мұның барлығы адам жеген астың қорытылуы мен метаболизм үрдісі қалай жүретінін, адам қуатын қалай жұмсайтынын, көміртегі мен майдың қышқылдануын, тыныс алу жағдайын білу үшін жасағаны белгілі болды.

 

Зерттеу қорытындысына көз жүгірсек, таңғы және түскі тамақты ішпей, кешкі тағамға бас қойған адамдардың ағзасында май жиналып қалғанын байқаған. Адам ағзасы түске дейін ішкен тағамды жақсы қорытып, жақты сіңдіретінін аңғарған. Таңғы және түскі тағамды тойып ішкен адамдардың ағзасы көміртегін түс уақытына дейін тез қорытып, ал кешкіге май мен липидтерді қалдырып, оны түнде, адам ұйқыда жатқан кезде қорытатынын көрген.

 

Ғалымдардың айтуынша, жұмысқа ешқашан тамақтанбай кетуге болмайды. Бұның ағзаға зиян екендігі айтылды.

 

Таңғы ас пен кешкі астың арасы қаншалықты ұзақ болса, соншалықты ағзаға пайдалы. Мұндай тамақтану режімі арықтауға әрі асқорыту жүйесін жақсартуға көмектеседі.

 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.03.2020, 11:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30