Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Қайратқа» бапкер құтаймады-ау...

14 маусым 2011, 10:50

Жексенбі күні Алматының «Қайраты» өз алаңында Шымкенттен келген «Ордабасы» клубын қабылдап, 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. Осы ойында команданың бас бапкері Владимир Никитенконы көре алмадық. Стадиондағы жұрт «оны отставкаға жіберіпті» деп отырды. Бапкер тұрақтамай қойған «Қайратқа» енді кім келмек?
Бақытжан,
Алматы қаласы
Жексенбі күнгі ХV турдың ойы­нына «Қайратты» В.Ни­ки­тенко емес, оның көмекшісі бол­ған Эдуард Глазунов бастап шық­ты. Вла­димир Никитенко осы матчтан бір тәулік бұрын, яғни сен­бі күні өз еркімен өтініш жа­зып, орнынан кетіпті. Ресми түрде «бас бапкер отбасылық жағ­дайына бай­ла­ныс­ты өтініш жазып, өз еркімен кетті» делін­ге­німен, Никитенконың ор­нынан ке­туіне команданың сү­реңсіз ойын­дары себеп болғанын се­зу қиын емес. «Бас бапкер ор­нынан алынады, клуб басшылары бас бапкерді Англиядан іздеп жа­тыр екен» деген сөз шыққалы да біраз уақыттың жүзі болды. Ес­туі­мізше, «Қайратқа» бас бапкер болатын маман осыдан бір-екі күн бұрын сол Тұманды Альбионнан ұшып келіпті. Бүгін ресми түрде бас­пасөз мәжілісі өткізіліп, та­ныс­ты­ры­лады.Бірақ ал­ғашқыда айтыл­ған­дай, Мак­ма­на­мен емес. Кеше клуб бас­шы­лары Джон Грегориді бас бапкер ретінде команда мү­ше­­ле­рі­мен таныстырды.