Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қайтыс болған адамды жуындырған шүберекпен неліктен әйелдің омырауын сүртеді?

  • Қайтыс болған адамды жуындырған шүберекпен неліктен әйелдің омырауын сүртеді?

    Қайтыс болған адамды жуындырған шүберекпен неліктен әйелдің омырауын сүртеді?

Қайтыс болған адамды жуындырған шүберекпен неліктен әйел адамның омырауын сүртетінін білесіз бе? Халық арасында ұмытыла бастаған бұл ырым жайында NUR.KZ хабарлайды.

Бұрындары қазақтар жаңа босанған әйелдің немесе емізулі баласы бар әйелдің омырауы ісіп кетсе, мәйіт жуындырған шүберекпен сүртетін болған.


Ал кейбір өңірде шүберекті денеге тигізбей, тек ұшықтайды.


Айта кетейік, мәйітті жуған шүберекпен тек әйелдердің емес, малдың да желінін сүртеді.


Халық арасында осы шүберек арқылы әйелдің кеудесіне немесе малдың желініне жабысқан дерттен айықтырған.


"Анам кішкентай күнімізде ескі шүберекпен кеудесін сүртіп отыратын. Кенже сіңлімізді емізетін анамның сарғайып кеткен матамен омырауын сүрткені бізге қызық көрінеді. Содан бір күні оны не үшін істейтінін сұрадым. Ал анам "бұл қайтыс болған адамды жуындырған мата. Қазір сіңлің дұрыс ембей, менің омырауым ауырып жүр. Егер осы шүберекпен сүртсем, жазылып кетеді" деп жауап берді", - дейді NUR.KZ-тің тұрақты оқырманы.

Ал Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мешітінің бас имамы Ғабит Маткаримов бұрыннан келе жатқан бұл ырымның дұрыс емес екенін айтуда.


"Кейбірінің мәйітті жуған лас шүберекпен науқас адамды немесе малды сипайтынын да естіп жатамыз. Мұндай әрекеттер тазалыққа, мұсылманшылыққа да жат нәрсе. Ондайдан алыс болғанымыз абзал. Мәйітті жуындыруға пайдаланған қолғап, шүберектер өртеледі", - дейді kazislam.kz сайтына берген сұхбатында. 




Көрілген: 1187    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.01.2019, 19:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...
    9 Сәуір, 11:49
    Жауапсыз махаббат
    29 Наурыз, 12:45
    WHATSAPP-ТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
    15 Наурыз, 10:27
    Ата-ананың 4 қателігі
    6 Наурыз, 13:41
    АРУЛАРҒА 13 КЕҢЕС
    27 Ақпан, 13:22
    САБЫРСЫЗДЫҚТЫҢ СОҢЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30