Қазақ хандығында еңбекақы қай мөлшерде болған?
Тәуке ханның "Жеті жарғысыннан" бері қарайғы хандық дәуірдегі ел билеушілердің еңбекақысы жайлы айта отырайын. Мұны көненің тілі алман-салық деп айтады.
 
Лау ат - хат-хабар тасымалы ретінде халықтан алынатын ат.
 
Қара шығын - ру басылардың жоғары дәрежелі ұлықтарға тарту-таралғы ретінде апару үшін халықтан жиналатын малы.
 
Хандар мен билердің шабармандарына бір ат берілуден тыс, айына бір қой беріліп отырады.
 
Жүзбасының еңбекақысы. 100 отбасын басқаратын адам елден жылына 10 қой алады.
 
250 отбасын басқаратын ұлық жылына елден 20 қой алады.
 
500 отбасын басқаратын екінші дәрежелі рубасылар жылына елден 100 қой алады.
 
500 отбасын басқаратын адам мен 250 отбасын басқаратын адамның ортасында бір ұлық бар. Ол елді басқармағанымен, екі арадағы дәнекер мәнсапты. Ол жылына елден 30 қой алады.
 
1000 үйді басқаратын рубасы жылына елден 400 қой алады.
 
Ұлыс төресі немесе ханы жылына елден 1000 қой алады. Ұлыстардың тізбегі мынадай: Үйсін-Сіргелі, Қаңлы-Шанышқылы, Жалайыр, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ, Арғын, Ашамайлы Керей-Абақ Керей, Найман, Байұлы, Әлімұлы, Жетіру.
 
Жүздің ханы жылына елден 4000 қой алады.
 
Қазақ ханы жылына елден 10 000 қой алады.
 
 
 
 
Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы
Фейсбуктегі парақшасынан