Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақ телевизиясының тұңғыш басшысы кiм?

02 маусым 2011, 17:55

Былтыр Қазақ теледидары өзiнiң 50 жылдық мерейтойын тойлады. Сонда сонау 1958 жылы қазақ әлi теледидар дегеннiң не екенiн бiлмейтiн кезде экранға шыққан дикторлар мен телевизияның iргетасын қалаған мамандарды  көрсетiп едi. Шыны керек, бүгiнде олардың есiмдерi есiмде қалмапты. Қазақ телевизиясы құрылғанда оны басқарған тұңғыш басшы кiм болып едi?
Бибiгүл ЖАҢАТАЕВА,
Батыс Қазақстан облысы
1957 жылы 12 маусымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң Төрағасы Дiнмұхамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитетiне арнайы хат жолдады. Онда “КСРО Министрлер Кеңесi жанынан Радио хабарлары мен телевизия жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы”  қаулы қабылдануы керектiгi айтылып, комитет төрағасы етiп Қанапия Мұстафиндi бекiтуге ұсыныс енгiздi. Ал Қанапия Мұстафин кiм дегенге келсек, Коммунистiк журналистика институтын бiтiрген ол әуелi Қазақ радиосында редактор болып қызмет атқаратын. Сондай-ақ Қанапия Мұстафин  жаппай “халық жаулары” iздестiрiлген 1937-1938 жылдардағы зобалаңға iлiгiп, аман қалған тұлға.
Бiрiншi төрағаның тұсындағы елеулi оқиға Қазақ КСР-iнiң өнер және әдебиетiнiң Мәскеуде өткен он күндiгi едi.