Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақша өлшем бірлік атауларын білесіз бе?

  • Қазақша өлшем бірлік атауларын білесіз бе?

    Қазақша өлшем бірлік атауларын білесіз бе?

Қазақ халқы &ndash дана халық. Неге десеңіз, әр сөзге аса талғампаздықпен мән беріп, сәтті атаулар құрастырған. Бүгінгі материалымызда өлшем бірлік атауларын ұсынамыз.

Қазіргі таңда қолданылатын килограмм, метр, сантиметр атаулары ол кезде таңсық болғаны анық. 

Қазақ өлшемдері қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне негізделген. 


Мысалы, «бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» деген сөз тіркестері қашықтықты білдіреді. Олар ең кіші салмақ өлшем ретінде арпа дәнін қолданған. Кейбір жазба әдебиеттерде сақталған мәліметтер бойынша арпа дәні алтын мен асыл тастардың салмағын теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Оған қарағанда бір арпа дәні шамамен 45 мг болған. Басқа жерде осы арпа дәні ұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Ал арпаның алты дәнінің еніне тең өлшем бармақ деп аталған.

Енді халықаралық өлшем бірлік атауларымен байырғы қазақ өлшемдерін салыстырайық.

Қолдың қары = ағылшын «ярды» 

Табан = ағылшын футы (foot &ndash табан)

Бармақ («Бармақ елі қазы»)  = ағылшынның дюйм (голландша &ndash үлкен саусақ) өлшемі

Қазақтың «шақырымы» = орыстың «верстасы»

Мысқал = орыстың «долясы»

Қазақтың «қадағы» = ағылшынның «фунты» 

Әрине, бұл өлшем бірлік атаулары дәлме-дәл бір-бірімен сәйкес келмеуі мүмкін. Бірақ шығу төркіні, атқаратын қызметі жағынан төркіндес, тектес деуге әбден болады.

Өлшемдерді дәл беруде адамның аяғы мен қолының да қызметі ерекше.

Қолдың қары &ndash кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа (80 &ndash 85 см шамасы) тең ұзындық бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық та (шамамен 1 м) қары ретінде алынады.

Қарыс &ndash бас бармақ пен шынашақ ұштарын толық жазғандағы ұзындық (шамамен 19 &ndash 20 см). Оны тұрмыста, құрылыста жиі пайдаланған. Мысалы, киіз үйдің уығы он екі &ndash он алты қарыс мөлшерінде жасалады.

Сынық сүйем &ndash  кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең (шамамен 17 &ndash 18 см).

Ал бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына тең өлшемді сынық сүйем дейді.  

Елі &ndash сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т.б. елімен өлшенген. Қазақ арасында «Екі елі ауызға төрт елі қақпақ» деген нақыл сөз бар.

Буын &ndash ортаңғы саусақтың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық (шамамен 5 &ndash 6 см) бірлігі. Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимараттардағы ою-өрнектің мөлшері осы буынмен өлшенген. Ол тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған.

Қадам &ndash адамның бір адымына тең ұзындық (шамамен 60 &ndash 70 см) бірлігі. 

Құлаш &ndash иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. 

Сонымен қатар, табақ, батпан, қап, қадақ, мысқал т.б. өлшем бірліктері бар.

Табақтың өзі екі түрге бөлінеді. Ол үлкен табақ (шамамен 11,7 &ndash 12 кг) және кіші табақ (шамамен 3,9 &ndash 4 кг). Үлкен табақ астық салығын төлеу кезінде, ал кіші табақ сауда-саттық, алыс-беріс жұмыстарында қолданылған. 

Қап &ndash негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Ол  65 &ndash 66 кг-ға, ал кей жерлерде алты пұтқа (96 кг) тең болған. Сонда 1 қап = 6 пұт.

Батпан &ndash 10 фунтқа тең. «Ауру батпандап кіреді» деген сөз де осы ауырлықты білдіреді.

Қадақ &ndash ертедегі шығыс елдерінің көбісінде қолданылған салмақ бірлігі. Ол Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді.

Мысқал &ndash Шығыс елдерінде кең тараған салмақ бірлігі. Мысқал араб елдерінде, Үндістанда, Шығыс Африкада, Орта Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған. Мысқал 4,31 г-ға тең болған, алтын мен күміс ақшалардың, бағалы заттар, дәрі-дәрмектер мен бояулардың өлшемі ретінде қолданылған.

Танап &ndash қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер аумағын өлшеу үшін қолданған өлшем бірлігі. Ол 1820,83 шаршы метрге тең.




Көрілген: 534    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 18:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31