Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстан қақпашылары үш елдің намысын қорғайды

21 сәуір 2011, 10:16

Евгений Набоков биылғы маусымның екінші жартысында ешбір клубтың сапында ойнамаса да, шайбалы хоккейден Ресей құрамасының сапына алыныпты. Сонда ол әлем чемпионатында осы елдің намысын қорғамақ па? Сонымен қатар Германия құрамасының намысын да Қазақстан тумасы қорғайды деп естіп едім...
Ербол Өмірзақ,
Қарағанды облысы
Евгений Набоковтың Ресей құрамасы­ның сапына шақыртылғаны рас. Бірақ Сол­түстік Американың Ұлттық хоккей лига­сындағы «Нью-Йорк Айлендерс» клубы оның мұзайдынға шығуына рұқсат бермей отыр. Евгений Набоков осы клубтың намысын қорғаудан бас тартқан болатын. ҰХЛ ережелері бойынша Набоков әзірше осы клубқа тәуелді. Сондықтан оның әлем чемпионатында Ресей намысын қорғайтын-қорғамайтындығын дөп басып айта ал­маймыз. Сайып келгенде, ол – Ресей құ­рамасының бапкерлері құзыретіндегі іс.
Набоков пен «Айлендерс» клубы ара­сындағы дау-дамай ұзаққа созылып кеткендіктен, Ресей құрамасының бас бапкері В.Быков өз қарамағына тағы бір Қазақстан тумасын шақырды. Ол – биыл Құрлықтық хоккей лигасының ең үздік қақпашыларының бірі болып, Гагарин кубогының ең бағалы ойыншысы атанған Константин Барулин. Жалпы, Ресей на­мы­­сын қорғаған Қазақстан қақпашы­лары бұл екеуімен ғана шектелмейді. Осыдан бірер жыл бұрын Вадим Тарасов та Ресей құрамасының сапында ойнаған. Ал Дмитрий Петцольд пен Константин Кочнев сынды Қазақстан тумалары Гер­мания құрамасының  са­пында өнер көр­сетуде. Сонда өзіміздің ұлттық құраманың қақпашыларын есепке ала отырып, «Қазақстанның шайбалы хоккейінің мектебінен түлеп ұшқан голкиперлер үш елдің намысын қорғап жүр» деп айтуға болады.