Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстан мектептері 12 жылдық білімге қашан көшетіні белгілі болды

  • Қазақстан мектептері 12 жылдық білімге қашан көшетіні белгілі болды

    Қазақстан мектептері 12 жылдық білімге қашан көшетіні белгілі болды

Он екі жылдық білім жүйесіне көшу мектептерге үлкен салмақ салады. Сондықтан асығыс шешім жағдайды ушықтыруы мүмкін. 2021 жылдан бастап мектептер он екі жылдық білім беру жүйесіне көшеді. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Он екі жылдық білімге 2021 жылы көшуді жоспарлап отырмыз", - деді Аймағамбетов мәжілістегі үкімет сағатында.

12 жылдық білім беру жүйесі 1-11 сыныптар жаңартылған мазмұндағы бағдарлама мен жаңа бағалау жүйесіне толығымен көшкеннен кейін енгізіледі.


"Егер асығыс шешім қабылдап, ойланбастан әрекет етсек, жағдайды ушықтырып алуымыз мүмкін. Себебі он екі жылдық білім жүйесіне көшу мектептердің инфрақұрылымына үлкен салмақ салады. Бұдан бөлек, мұғалімдер даярлау мен жаңа оқулықтар шығаруды талап етеді. Оның үстіне елімізде үш ауысымды мектептер де аз емес", - деді министр.


Айтуынша, жаңартылған бағдарламалар 2015 жылы бекітілген. Тиісінше, қазір барлық сыныптың 95 проценті жаңартылған мазмұнға көшті. Ал келесі жылы он бірінші сыныптар ауысады деп жоспарлануда. 




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.10.2019, 14:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 10:52
    Ақша туралы 15 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30