Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

  • Фото: Новости Узбекистана

    Фото: Новости Узбекистана

Ақмола облысында полиция қызметкерлері тұрғындарға телефон алаяқтарынан сақ болуға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Ведомство мәліметінше, алаяқтар ақмолалықтардың есепшотынан қаражат ұрлау әрекетін жалғастырып жатыр. Қазіргі таңда олар тұрғындарға ақшаны "қауіпсіз" шотқа аударуды ұсынады екен.

 

"18 желтоқсанда полицияға 55 жастағы көкшетаулық әйелден арыз түсті. Ол белгісіз адам өзін Каспи банктің қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде таныстырып, 674 000 теңгеге ие болғанын айтқан.

Алаяқ әйелге алдағы уақытта клиенттердің есепшотына "кибер-шабуыл" жасалғалы отырғанын айтып сендірген. Кейін ол жәбірленушіге ақшаны уақытша есепшотқа аударуға кеңес берген", - делінген хабарламада.

 

Қазіргі таңда бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алаяқтың әрекетінен зардап шеккендер іздестіріліп жатыр.

 

"Алаяқтық дерегінің жиі тіркелуіне байланысты дербес ақпарат беруді немесе қандай да бір әрекет жасауды, әрі банк картасында немесе ресми сайтта көрсетілген телефон арқылы өз банкіңізге қайта қоңырау шалуды сұрайтын "жалған банк қызметкері" хабарласқан кезде сақ болуға кеңес береміз", - делінген хабарламада.

 

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары банк қандай қызметтер түрін көрсетпейтініне тоқталды.

 

"Банк арнайы есепшотқа "сақтау үшін" ақша аударуды немесе қашықтан кіру және құрылғыны басқару бағдарламаларын орнатуды ұсынбайтынын еске саламыз. Олар жеке деректерді немесе карта нөмірлерін беруді, операцияны болдырмау немесе транзакцияны растау үшін SMS-кодын сұрамайды", - делінген хабарламада.

 

 




Көрілген: 3467    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.12.2020, 14:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31