Қазақстанда әйелдер мен ерлер саны қанша?

05 наурыз 2022, 13:18

Елімізде 9,8 миллион әйел және 9,3 миллион ер адам тұрады. Бұл туралы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне сілтеме жасаған baribar.kz мәлімдеді, - деп жазады Alashainasy.kz тілшісі.

Қазақстандық әйелдердің орташа жасы — 33,5 жас, некеге тұру бойынша орташа жасы — 24,8 жас. Өмір сүру ұзақтығы 75,5 жыл, — делінген хабарламада.

 

Сонымен қатар, төмендегі инфографикада жоғары лауазымды қызметте жұмыс істейтін әйелдер саны, қазақстандық әйелдер жұмыс істейтін топ-5 кәсіби сала көрсетілген.