Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстанда қатаң карантин қай кезде енгізіледі

  • Қазақстанда қатаң карантин қай кезде енгізіледі

    Қазақстанда қатаң карантин қай кезде енгізіледі

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қатаң карантин енгізудің басты талабын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 

Бұл туралы Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты. "Бұған дейін біз қажет болса, коронавирус инфекциясына шалдыққандар үшін 70 мыңнан астам орын ашылуы мүмкін екенін айтқан едік. Соның ішінде 51 мың орын стационарларда, яғни ауруханаларда болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша, егер осы 51 мың орынның 70 пайызы толып қалса, қатаң карантин шараларын енгізуге тура келеді", - деді ол. Ведомствоның ресми өкілінің сөзінше, қатаң карантин шараларының барлығы бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысында көрсетілген. "Дегенмен, оған дейін бармайды деп сенеміз. Қазіргі жағдай тұрақты, науқастар мен құрбандардың саны күн сайын төмендеп келеді. Бұл дегеніміз, санитарлық нормалар жақсы сақталып жатыр. Әрине, барлығы өзімізге, қоғамдық тәртіпке байланысты болмақ", - деді Бағдат Қожахметов. 

Еске салсақ, Қазақстанда 24 қыркүйекте ПТР-тестілері оң нәтиже көрсетіп, коронавинус инфекциясын жұқтырудың 61 жаңа жағдайы анықталды. Оған қоса, ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады. Айта кеткен жөн, коронавирустан жазылып шыққандар медициналық оңалту орталықтарына қайта ағылып жатыр. Олардың арасында психикалық тұрғыдан көмекке зәру жандар жетерлік. 

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 2273    Пікірлер: 0

сенбі, 26.09.2020, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31