Қазақстанда кейінгі 200 жылда ауа райына қатысты тіркелген 8 рекорд

15 қараша 2021, 11:03

Қазгидромет синоптиктері кейінгі 200 жылдағы Қазақстандағы ауа райына қатысты тіркелген рекордтар туралы мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

- Ең ыстық күн 1995 жылы 1 шілдеде Түркістан облысының Қызылқұм қаласында тіркелді. Ауа температурасы рекордтық +51 градус Цельсийге дейін көтерілген.

 

- Ең төменгі температура 1931 жылы 8 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Орлов ауылында тіркелді. Сол кезде термометр 54,2 градус аязды көрсеткен.

 

- Қазақстан тарихындағы ең жаңбырлы күн - 2003 жылдың 12 шілдесі. Алматы облысындағы Алғазы аралында бірден 106,1 миллиметр жауын-шашын жауған.

 

- Қазақстандағы ең жауын-шашынды жер - Алматыдағы Каменское үстірті. 2016 жылы онда жылына 1300 миллиметр жауын-шашын жауған.

 

- Бірақ ең құрғақ жерді Қызылорда облысындағы Ұялыны айтуға болады. Онда 1997 жылы жыл бойына небәрі 7 миллиметр жауын-шашын тіркелсе, жылына орта есеппен 64 миллиметр жауын-шашын жауады.

 

- Еліміздің тарихындағы ең көп қар 1986 жылы 6 желтоқсанда Түркістан облысының Ащысай ауылына жауды - күніне 133,6 миллиметр жауды.

 

- Қазақстан қатты желмен де белгілі. Ең күшті дауыл 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысының Жалаңашкөлінде тіркелген. Жел жылдамдығы секундына 70 метрге дейін жеткен.

 

- Қазақстан тарихындағы ең үлкен бұршақ 2002 жылы 7 мамырда Қызылорда облысының Шиелі ауданында жауған. Бір бұршақтың мөлшері 50 миллиметр болды.

 

- Бұған дейін Орал тұрғындары көлемі үлкен бұршақ жауғанын видеоға түсірген болатын. Бұл видео 2021 жылдың 21 мамырында түсірілді.

 

Синоптиктер 2021-2022 жылы қыс қандай болатынын айтты.

 

Еске салайық, жаһандық климаттық өзгерістер Қазақстанға да әсер ете бастады. Климатологтардың пікірінше, басты себеп - жер бетіндегі орташа температураның жоғарылауы. Сондықтан біздің өңірге тән емес торнадолар, шаңды дауылдар мен үлкен бұршақ жауа бастады. Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы климат бойынша жобаларының бас техникалық кеңесшісі Сәулет Сәкенов мәлімдеді.