Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстанда көліктерді тіркеу процедурасына өзгерту енгізілмек

  • https://avtorazborka.kz/

    https://avtorazborka.kz/

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі үкіметттің онлайн отырысында Қазақстанда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлікті тіркеу процедурасына өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Бағдат Мусиннің хабарлауынша, оның ведомствосы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, танымал интернет платформаларына онлайн қызметтерді енгізуге шешім қабылдаған.

 

 Қазір бұл іске қосылып, жеке кәсіпкерлерді тіркеу қызметі кейбір банктердің қосымшалары арқылы жұмыс істейді. Халық арасында ең танымал мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жоспарлануда.

 

Мусиннің айтуынша, жыл сайын 3 миллионнан астам адам мемлекеттік қызметті алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінеді.

 

"Үлкен кезек пайда болады. Автокөліктерді тіркеуге онлайн режимінде қол жетімді болғанына қарамастан, адамдар арнайы орталыққа келіп, уақыт жоғалтады. Жаңа процеске сәйкес, сатып алушы сатушының шотына ақша аударғаннан кейін автомобиль иесі бірден өзгереді", - деді министр.

 

Нәтижесінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтер ғана қалады, өйткені ол үшін емтихан тапсыру қажет.

 

Еске сала кетсек, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жыл соңына дейін төлқұжат пен жүргізуші куәлігі цифрлық форматқа ауыстырылатынын жеткізген еді.

 

Сондай-ақ мәжілісмендер жол қозғалысы жөніндегі заңнамаға түзетулер енгізу жайлы құжатты қабылдады. Құжат азаматтарды жүргізуші куәлігін алып жүру міндетінен босату жөніндегі норманы қамтиды.

 

 




Көрілген: 1344    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2020, 14:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31