Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар қалай жерленеді

  • Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар қалай жерленеді

    Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар қалай жерленеді

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандардың денесін жер қойнына тапсыруға қойылатын талаптар енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР-ның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысы негізінде індеттен көз жұмғандардың денесі туыстарына берілмейді және медициналық сараптамаға жіберілмейді.

"Марқұмның денесін зарарсыздану құралына малынған ораммен орап, арнайы тоңазытқыш камерасына сақтау қажет", - делінген ресми құжатта.

Қабірсіз жерлеу кезінде (ұлттық дәстүрге сәйкес) дезинфекциялық ерітінді сінген матаға марқұмның денесі оралып сыртынан полиэтиленді қаптама кигізіледі. Оның сыртынан тағы бір мата оратылады екен.

Қайтыс болған адамның мәйітін зиратқа дейін темір не болмаса ашылмайтын ағаш қабірге салып апару шарт. Жер қойнына тапсырмас бұрын жасалатын салт-жоралғылар кезінде мәйітті қабірден шығарруға тыйым салынады. Жерлеуге тек марқұмның жақын туыстары қатыстырылады.

Жерлеу кезінде және мәйітті зиратқа алып баруға 5-7 адам ғана жіберіледі. Оларды өз кезегінде санэпидем қызметкерлері бақылайды.

Жерлеуге қатысқан азаматтар 14 күн бойы дәрігерлердің қадағалауында болады.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирустан екінші адам көз жұмғаны айтылған еді.  




Көрілген: 285    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.03.2020, 20:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Сәуір, 12:16
    АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
    16 Сәуір, 23:47
    1414 не үшін керек?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31