Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстанда коронавирустың таралуы қашан төмендеуі мүмкін

  • Қазақстанда коронавирустың таралуы қашан төмендеуі мүмкін

    Қазақстанда коронавирустың таралуы қашан төмендеуі мүмкін

 Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендейтін кезді айтты, деп хабарлайды Stan.kz. ақпарат агенттігі.
"Бәрін індеттің қанша уақытта кететіні қызықтырады. Ешкім білмейді деп айта аламыз, бірақ біз басқа елдердің қалай бұл індетпен күресіп жатқанын көріп отырмыз. Егер біз ең сәтті істі қолға алсақ, онда Оңтүстік Кореяның жағдайын көреміз. Олар екі апта ішінде індеттің таралу шыңына жетіп, қазір ақырындап төмендеп келеді. Қытайда бұл үш аптаға созылған", - деді Елжан Біртанов "Еуразия" бірінші арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, жағдайдың таралуы мен тұрақтануы 3-3,5 аптадан кейін басталуы мүмкін.

"Бүгін біз Еуропа елдерін көріп отырмыз, күн сайын бақылап отырамыз және тұрақтандыру 3–3,5 аптада жүреді. Карантиндік шаралар өз әсерін тигізеді. Сондықтан карантинді ертерек бастамау керек, бірақ кеш басталмау да маңызды. Сондықтан, біз екі қалада карантиндік шаралар уақтылы, тіпті мерзімінен бұрын енгізілді деп санаймыз.Сіздер білесіздер, Еуропада карантиндік шаралар өте кеш енгізілді. Бұл үшін сын көп айтылды, сәйкесінше аурудың таралуы анағұрлым үлкен болды", - деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирустың 33 жағдайы расталды, оның 15-і Алматыда және 18-і Нұр-Сұлтанда.

Stan.kz.

 




Көрілген: 231    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 23:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30