Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстанда Ұлболсын есімді қанша қыз-келіншек бар?

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанда Ұлболсын есімді 75 400 қыз-келіншек бар. Бұл статистиканы халықаралық қыздар күнінде БҰҰ-ның халық мәселелері жөніндегі қоры (ЮНФПА) жариялады.


Қазақ халқы Ұлболсын есімін қыздан кейінгілері ер бала болсын деп ырымдап қояды.


Ұлболсын есімді әйелдердің жартысынан астамы (53,6%) ауылда туған болып шықты. Осыған ұқсас 294 есім бар екен, мысалы, Ұлжан, Ұлбала, Ұлту және тағы басқа.


"Қыздарға "Ұл" деген түбірі бар есімдер көбіне (69,6%) оңтүстік өңірлерде берілетіні анықталды. Жалпы, 75 400 әйелдің тек 203-іне ғана Ұлболсынға ұқсас есім қойылған", - деп хабарлады қор.

Мамандардың айтуынша, соңғы отыз жылда қыздарға Ұлболсын есімін беру азайып келе жатыр. Мәселен, 1990 жылдан 1999 жылға дейін мұндай есім 13 803 қызға берілсе, 2010-2019 жылдары бұл сан 12 264-ке дейін кеміді.


Айта кетейік, халықаралық қыздар күнінде БҰҰ қоры және Назарбаев университетінің E.Quality Talks студенттік ұйымы қыздардың құқықтарын кеңейту бойынша пікірталас өткізіп, "Қызболсын" деректі фильмінің трейлерін көрсетті.


Видео:  www.facebook.com/watch/


Режиссер Катерина Суворова мен әнші Ақмаржан Көшербаеваның "Қызболсын" деректі фильмінде "Ұлболсын" есімді әйелдер мен қыздардың тағдыры баяндалады.


 sputnik




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 15:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 10:52
    Ақша туралы 15 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30